ММСҚ: 2025 жылға қарай егде адамдардың саны екі есе өседі

3463

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың қайтыс болуына 74% жағдайда созылмалы ауру себеп болған.

ММСҚ: 2025 жылға қарай егде адамдардың саны екі есе өседі

Адамдардың қайтыс болуының жалпы санының 41%-ы қан айналымы ауруларына тиесілі. Ал тыныс алу жолдары ауруынан қайтыс болғандар саны 22%. Онкологиялық аурудан қайтыс болғандар саны 20%. Ал қалған 17%-ы әртүрлі жазатайым оқиғаға, жарақат пен улану, сондай-ақ ас қорыту жүйесінің ауруларынан қайтыс болған.  

ӘМСҚ осындай көрсеткішті көрсетіп отыр. Олардың айтуынша, халық аурудың алдын алуға аса мән бермейді. Ресми мәліметке сүйенер болсақ, әрбір оныншы тұрғын медициналық көмекке тек жағдайы қиындағанда ғана жүгінеді. Жыл сайын аурухана жатқызылатын 2,9 млн адамның  68%-ы (1,9 млн адам) – ауруханаға шұғыл жеткізілгендер.

"2017 жылы Қазақстанда денсаулық сақтауға кеткен жалпы шығыстың деңгейі ЖІӨ-нің 3,7%-ы болған. Бұл даму деңгейі ұқсас елдермен салыстырғанда едәуір төмен. Оларда денсаулық сақтауға кететін шығын ЖІӨ-ге алты пайыздан келеді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда денсаулық сақтауға кеткен жеке шығыстың үлесі 41% болған, бұл Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған шектік деңгейден екі есе жоғары. Сонымен қатар жеке шығыстардың 30%-дан астамы ТМККК шеңберінде  декларацияланған ақылы медициналық қызметтерді алуға жұмсалады", – деді Астана қаласы бойынша ӘМСҚ филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Қазақстандағы ең басты демографиялық тренд ретінде өмір сүрудің ұзақтығы  мен халықтың жасы мен жыныстық құрамының өзгеруінің өсуі ерекшеленіп отыр. 2006 жылдан бастап Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы 6,3 жасқа өскен және бұл көрсеткіш одан да асуы мүмкін деп болжанып отыр. Қор мәліметі бойынша, таяу жылдары медициналық қызметтерді айтарлықтай белсенді қолданатындар саны артады деп күтілуде.

"2025 жылға қарай Қазақстанда балалардың саны 5,6 млн-нан 6,9 млн-ға дейін, яғн 23%-ға өседі деп болжанып отыр. Сондай-ақ егде адамдардың саны да 41%-ға артып, 1,9 млн-нан 2,8 млн адамға жетеді. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, отандық денсаулық сақтау жүйесі халықтың сұранысын толығымен қанағаттандыруға тиіс", – деп есептейді ӘМСҚ мамандары.

Астананың жұмыс берушілері мен жеке кәсіпкерлері 10 ай ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға шамамен 8 млрд теңге аударған. Барлық түскен қаражат Ұлттық банкте сақталып тұр.  Ұлттық банкпен сенімгерлік басқаруға келісімшарт жасалған. Кейін бұл қаражат МӘМС ааясында көрсетілетін қызметті төлеуге жұмсалады.

Гүлназ Ермағанбетова, Марина Нечайко

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу