Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар салық төлеуі тиіс

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
3274

Тау-кен металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец осындай пікір білдірді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар салық төлеуі тиіс

Тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарындағы шектен тыс қаржылық жүктеме азаюы керек деп есептейді республикалық тау-кен өндірісі және тау-кен металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец.

Әзірге ТМК жүктемесін тікелей салық төлеу жүктемесі жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтушылар есебінен жеңілдету ұсынылып отыр. 

"Кейінгі жылдары ТМК кәсіпорындарының қаржылық жүктемесі шамадан тыс болып кетті. Біздің есептеуіміз бойынша, бұл жүктеме 64%-ға жеткен, өйткені біз өңірлердегі әлеуметтік жауапкершілікке, меморандум жасауға және тағы да басқаларға жауаптымыз. Қоғамда салық төлемей өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың көп екенін айтқымыз келеді. Кейбір бағалауларға сүйенер болсақ, Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар саны үш млн-ға дейін жетеді. Дәл қазір салық кодексі талқыланып жатқан кезде тау-кен секторының беделін арттырып, осы салаға жастарды тарту үшін материалдық ынталандыру жайын қозғағанымыз дұрыс деп ойлаймын. Ол үшін ТМК жүктемесін азайту керек. Сондықтан өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар ең болмаса жылына бір рет қандай да бір жарна төлеуі керек", – деді Николай Радостовец.  

Оның пайымдауынша, бұл жағдай жастардың осы секторда жұмыс істемеуіне бірден бір себеп болып отыр.

"Қазір біз қаржылық жүктеміні азайту мәселесін қарастырып жатырмыз. Себебі елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтып, ешқандай салық төлемей отырған 3 млн-нан астам адам бар. Үй шаруасында отырғандар, құрылысшылар қосымша жұмыс істейді. Жаңа салық кодексінде мемлекет осы адамдардан жоқ дегенде жылына бір рет 50 мың теңге алуы керек", – деп түсіндірді журналистерге  АТМКК басшысы өз ұстанымын.

"Металлург, кеншілердің жалақысынан салық көп ұсталады. Ал адамдардың бұл тобы қоғамда көзге түспей, жақсы ақша тауып жүр. Шынын айтсақ, бұл мүлдем дұрыс емес", – деді ол.

Егер ТМК секторындағы салықтық жүктеме қайта бөлінетін болса, онда осы салаға білікті мамандар мен жас кадрларды тарту мүмкін болар еді. Қазіргі уақытта сервистік компанияларды қоса алғанда  ТМК-да млн-ға  жуық адам жұмыс істейді.

Николай Радостовец барша әлемде өнеркәсіптік кәсіпорындар электр қуаты, жылу және газға қарапайым халықтан қарағанда аз төлейтінін атап өтті.

"Біз өрескел қателік жібердік. 2000 жылдардан кейін бірқатар өнеркәсіптік өңірде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында өнеркәсіптік тұтынушылар үшін электр қуатының бағасы қарапайым халыққа қарағанда екі есеге жоғары болды. Неге? Зауыттар үшін тіпті үш есе, судың текше метрінің бағасы бойынша айырмашылық бес есеге дейін жететін облыстар бар", – деді ол.

Қауіп тудыратын екінші мәселе – келешекте теміржол саласында орын алатын өзгерістер. Іс жүзінде қазір теміржол тарифінің қымбаттауына алғышарт жасалып жатыр.

2015 жылы торапты теміржол желісінің қызметтеріне (ТТЖ) 2016-2020 жылдарға арналған тариф бекітілді. 2016 жылдың соңында "Қазақстан темір жолы" АҚ ТТЖ тарифінде едәуір үлесі бар 10 ірі операцияны дербес қызмет түрі етіп шығару туралы ұсыныс енгізді. Сарапшылардың алдын-ала бағалауы бойынша, ТТЖ-дан шығарылатын тарифтер бойынша операциялар 45%-ға дейін жетуі мүмкін. Сонымен бірге ҚТЖ ТТЖ-ны екі санатқа бөлуді ұсынады, бұл да тарифтердің қымбаттауына әкеледі.

"Теміржол көлігі бойынша тораптарды санаттарға бөлу тасымалдау құнының қымбаттауына әкеледі дегім келеді. Бізге экспортқа бағытталған ел ретінде жасыл дәліз салу қажет және тораптарды санатқа бөлу мәселесін қоя тұру керек. Локомотивтер саласын өзін-өзі басқаруға бермеу керек, себебі бұл да тасымалдау бағасының көтерілуіне әкеледі. Бізде жүкті портқа жеткізуде күрделі мәселелер бар. ТТЖ біздің тасымалдарымызды шектеп отыр. Бізде телеграммалар  үйіліп жатыр", – деді Николай Радостовец.

Оның айтуынша, Қазақстаннан шығатын жүк ресейлік порттарда теңсіздікпен бетпе-бет келеді.

Ал локомотивке келетін болсақ, 2015 жылы "Табиғи монополиялар туралы" заңда 2017 жылдан бастап реттелетін нарықта, оның ішінде локомотивті тарту қызметтеріндегі бағаны мемлекет тарапынан қадағалауды тоқтату көзделген өзгеріс енгізілген болатын. Ал Кәсіпкерлік кодексінде қоғамдық маңызды тауарлар ретінде локомотивті тарту қызметінің және жалпы теміржол тарифтерінің бағасы мемлекет тарапынан реттеуді сақтау туралы түзетулер қабылданды. Түзету қабылданды, бірақ реттеу тек 2020 жылға дейін ғана сақталды. Жоспарланып отырған ҚТЖ-ның IPO-ға өтуі аясында локомотивті тарту қызметін реттеуді Кәсіпкерлік кодексінен шығару ұсынылып отыр. Қадағалаудың тоқтатылуынан монополист тарифтерді жоғарылатуы мүмкін деп есептейді АТКМК.

Одан бөлек 2017 жылдың басынан бастап вагондарды пайдалану бағасы орта есеппен  екі есеге қымбаттады. Ал тұтынушылар үшін технологиялық үрдіс өзгеріссіз қалды.

Николай Радостовец Салық кодексінің жобасы аясында әлдеқайда жоғары өңдеуді ынталандыру туралы мәселе қозғалғандығы көңілге медет екенін ашып айтты.  

"Салық мөлшерін төмендету арқылы әлдеқайда терең қабаттардан өндіруге жеңілдік жасау туралы ұсыныстарды көріп отырмыз. Біз салаға көмек қолын беруге деген тілекті көрдік", – деді ол.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу