Парламент мемлекеттік сатып алуды қолға алмақ

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
2361

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бизнестің мүддесін қорғау үшін түзетіледі.  

Парламент мемлекеттік сатып алуды қолға алмақ

Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алулары еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамытатын көмекші құрал болуы мүмкін. Алайда іс жүзінде бірнеше рет бұрын "қазақстандық өнім үлесі" ескеріліп, қабылданған мемлекеттік сатып алулар бойынша критерийлер отандық өндірушілердің бас ауруына айналды.

"Атамекен" Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың айтуынша, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау шаралары тиісті әсер беріп отырған жоқ, негізінен бұл сыртқы факторларға байланысты.

"Отандық тауарға сұранысты арттыра отырып, Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің дамуына дем беру керек деп есептейміз. Біз соңғы 2-3 жылда кәсіпорындарға сауал қойдық. Жаңа кәсіпорындарға қойылатын негізгі сұрақ, өнімді өткізуге байланысты. Отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына барынша көп тартсақ, осы сұранысты қамтамасыз ете алар еді", – деді ол парламент мәжілісінде кәсіпкерлік мәселелері бойынша "Нұр Отан" фракциясының жиналысында сөз сөйлеген кезде.

Нұржан Әлтаев бизнесті қолдау бөлінетін қаражат пен сатып алулардың сомасын салыстырды – айырмашылық жер мен көктей: бизнесті қолдауға ондаған миллиард бөлінсе,сатып алуларға триллиондап қаражат жұмсалады.Тек қана 2016 жылы ғана сатып алу көлемі 8,3 трлн теңгені құрады.

"Бұл қомақты сома! Аталған ресурсты сауатты, жүйелі деңгейде қолдансақ, бұл жергілікті өндірісті дамытуға күшті ықпал етеді. Мемлекеттік реттеу, құралдар, нормативтік база – бұның бәрі отандық тауар өндірушіні қолдауға бағытталуы керек" – дейді ол.

Отандық өндірушілер барлық импорттық көлемнің орнын баса алмады, әрине. КҰП талдауына сәйкес, қазір бәсекеге қабілетті, өз өнімін импорттауға, ішкі нарыққа жеткізе алатын 8 сала бар. Бұл салалардағы сатып алу көлемі шамамен 1,5 трлн теңгеге жетеді, бұл тек тауар сатып алуға жұмсалатын қаражат, ал одан бөлек жұмыстар мен қызметтер де сатып алынады.

"Осы көлемнің төрттен үш бөлігі (1 трлн теңгеден астамы) машина жасау, металл өңдеу және мұнай өңдеу тауарларын сатып алуға жұмсалады. Ең төменгі сома, яғни 12,6 млрд теңге жиһаз сатып алуға жоспарланған. Дегенмен, бұл соманың өзі отандық тауар өндірушілер үшін айтарлықтай қомақты", – деп назар аударды Әлтаев мырза.

Алайда тауар өндірушілер үшін сатып алуларға қатысу қиынға соғады. Біріншіден, сатып алуды жүргізу жоспары жоқ. Бұл жоспарларды жыл басында орналастыру талабы заңнамада қарастырылғанына қарамастан, іс орнынан жылжымай отыр. 2017 жылдың наурыз айындағы мәлімет бойынша, 18 мың мемлекеттік мекеменің тек 8 мыңы ғана жоспарын орналастырған. Осыған байланысты бизнес өзінің дамуын жоспарлай алмайды.

Екіншіден, сатып алуларда бірыңғай әдіс-тәсілдер жоқ. Сатып алу жүргізілетін бірнеше алаң бар, ол – мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" қоры және оның еншілес кәсіпорындары, жер қойнауын пайдаланушылар. Яғни бірыңғай әдіс-тәсіл туралы жақ ашпасақ та болады. Теория бойынша өте нәтижелі болып көрінген енгізу арқылы бәрі реттеледі деген болжам болған, алайда іс жүзінде бұл бизнес үшін жаңа кедергілер туғызды.

"Қазір әр ұлттық компания біліктілік бойынша алдын-ала іріктеу жүргізеді. Яғни енді кәсіпкер түрлі сатып алуларға қатысу үшін әр ұлттық компаниядан, мемлекеттік органнан комиссия келіп, тексереді және ол үнемі қабілетті екенін, отандық тауар өндіруші екенін дәлелдеуі керек, – деп түсіндірді мәселенің мән-жайын Нұржан Әлтаев. – Бұл дұрыс емес деп есептейміз. Бірыңғай әдіс-тәсіл керек, бір тізілім, осы кәсіпорындарды тексеретін бірыңғай жүйе болу керек".

Теория жүзінде мінсіз, бірақ іске келгенде қиындық тудырған тағы бір норма тауар, жұмыс және қызметтерді кодтау болып табылады. ТЖҚ БНА анықтамасы жасалды, бұл өзін қызықтыратын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді арнайы код теру арқылы тез табу үшін бизнесмендердің ыңғайына қарай жасалған болатын.

"Бұл анықтама үнемі жаңартылып отырады, бүгінде 170 мыңнан астам код бар және ол күнде, аптасына мыңнан астам жаңа атаулармен толығып отырады, – деді Әлтаев мырза. – Тапсырыс беруші белгілі бір кәсіпкермен алдын-ала келісіп алып, жаңа код ойлап табады. Міне осындай кодтар күн сайын қабылданып жатыр. Біз осы кодтарды бастан аяқ тексеріп шығу керек деп есептейміз және осы кодтау жүйесін мемлекеттік деңгейге – қаржы министрлігінің қарауына беруді ұсынамыз".

Шығыс Қазақстан облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий де бизнесте байқау құжаттарын (техникалық ерекшеліктерді) алдын-ала белгілі бір компанияға арнап жасау проблемасы көптеп кездесетінін атап өтті. Сондый-ақ нақты бір жеткізушіге "бағытталу" көптеген жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларда да байқалады.

Жобаларда сапасы бірдей және бағасы төмен отандық өндірушілердің жабдықтары болса да, шетел өндірушілерінің құрал-жабдығының болуы талап етілетінін атап өтті Игорь Шацкий.

Бұл жайт мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ашуына тиді. Ол бірден квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларды өткізуге жауапкершілік арту және оны мемлекеттік сатып алуда жол берген бұзушылықтарға қойлатын талаптармен теңестіру туралы КҰП-тың ұсынысын қолдады.

"Демек, техникалық-экономикалық негіздеме кезеңінде, жобалық-сметалық құжаттама кезеңінде барлығы нақты біз тауарлар, нақты бір материалдарға сәйкестендіріле ме? – деп нақтылап сұрады жауабын: – Ал бізге бұл тізбектен қалған-құтқан ғана тиеді ғой, қайсысы бізге, қазақстандық өнімге сәйкес келетінін саралаймыз. Ендеше үкіметпен бірге барлық қажетті ұсыныстарды енгізіп, заңнаманы өзгертейік. ТЭН, ЖСҚ кезеңінде "Атамекеннің" толық қатысуын қамтамасыз етейік, қажет болса үкімет құрылымдарын, мемлекеттік органдарды қатыстырайық. Біз дайынбыз".

Кәсіпкерлер де дайын. "Бүгінгі күні бизнес мемлекеттік сатып алуларды толығымен өзіне алып қана қоймай, біз жауапкершілік алуға дайынбыз, жаңғыруға дайынбыз, экспорттық нарыққа шығуға дайынбыз және бұны тиісті келісімдерде растауға дайынбыз дейді", – деп баса айтты Нұржан Әлтаев.

Ирина Севостьянова, Әйгерім Сүлейменова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу