Сатқаны – аз, тапқаны – көп

Артур Мискарян Артур Мискарян
6246

ҚАБҚ және "ҚазАвтоӨнеркәсіп" автодиллерлердің жартыжылдық қорытындысын жариялады.

Сатқаны – аз, тапқаны – көп

Маусым айының қорытындысынан отандық автонарықтың тағы өскенін көруге болады деп хабарлайды Қазақстан автобизнес қауымдастығы мен "ҚазАвтоӨнеркәсіп".

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" келтірген мәліметке сүйенсек, ресми диллерлер жыл басынан бері 18858 автокөлік сатқан, бұл 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 11,8% - ға аз. Сонымен бірге осы жылдың маусым айында 4176 автокөлік сатылған, бұл былтырғы жылдың маусым айына қарағанда 12,6% - ға көп. "ҚазАвтоӨнеркәсіп" ЗТБ-ның хабарлауынша, сәуір-мамыр аралығы нарықтың екі жылдай құлдырауынан кейінгі алғашқы өсу тоқсаны болған. Нәтижесінде II тоқсан қорытындысы бойынша елімізде 11282 жаңа жеңіл көлік сатылған. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 4,3%-ға, сондай-ақ 2017 жылдың  I тоқсанындағы нәтижеден 49,1%-ға жоғары көрсеткіш. Автодиллерлердің жартыжылда түсірген пайдасы 471,7 млн доллар (бұл 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы көрсеткіштен 30,1%-ға артық) болған.

ҚАБҚ мәліметі бойынша, автодиллерлер  экспорт есебінен жартыжылда 20876 автокөлік сатқан. Қауымдастық мәліметіне сүйенер болсақ, отандық автодиллерлер экспортқа коммерциялық Hyundai техникасын,  JAC, Toyota, Lexus және Lada жеңіл көлігін жеткізуде. Автодиллерлердің жарты жылда  экспорт есебінен  түсірген пайдасы 180,7 млрд теңге болған. Ал осы жылдың маусым айында қазақстандықтар 50,6 млрд теңгеге көлік сатып алған. Жарты жыл ішінде диллерлер экспортқа 925 автокөлік шығарған. Оның ішіндегі 584-і маусым айында, 47-сі мамыр айында сатылған.

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" мәліметі бойынша, диллерлердің алты айда сатқан автокөліктерінің басым бөлігі, яғни 67,9% - ы импортқа кеткен. Отандық автозауыттардың үлесі 32,1% болған. Сонда 12799 автокөлік импорт, ал 6059  автокөлік отандық зауыт үлесі. ҚАБҚ мәліметі бойынша, маусым айында отандық  зауыттардан шыққан автокөлік саудасы 46,8%, ал импорттық авто үлесі 53,2% болған.

ҚАБҚ маусым айында коммерциялық техникасы сегменті өскенін айтты. Мамыр айында сегіз Iveco автокөлік сатылған болса, маусым айында 213 - і сатылған. Мамыр айында 71  Kamaz маркалы автокөлік сатылса, маусым айында 118 - і сатылған. Mercedes-Benz Trucks көлігі де сондай, мамыр айында бесеуі ғана сатылып, маусым айында 18 - і сатылған. Маусым айында сатылған коммерциялық техника үлесі жалпыс сауданың 18,6% - ін құраған. Оның ішінде жүк көлігі 64%, LCV 15,7%, (жеңіл коммерциялық автокөлік-автор еск.), 20,3% - ы автобус.

Маусым айында пайдаланудан шығып қалған көлік құралдарын утилизациялау бағдарламасының екінші кезеңі басталғанын атап кету керек. 2017 жылы "Оператор РОП" ЖШС-і осы бағдарлама бойынша 40000 ескі автокөлікті қабылдауды жоспарлап отыр. Ал өткізген ескі көліктің орнына берілген сертификатты сатуға болады. ҚАБК бұл жалпы саудадағы отандық автокөлік үлесінің өсуіне септігін тигізеді деп есептейді.

Гүлназ Ермағанбетова, Артур Мискарян

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу