Солтүстікте халық саны 30 жылда 45%-ға азайған

5735

Ресейдің көптеген өңіріндегі  қолайсыз демографиялық жағдайды сөз еткенде, біздің ел аумағының басым бөлігіндегі  жағдайдың да мәз емес екенін естен шығармаған жөн.

Солтүстікте халық саны 30 жылда 45%-ға азайған

Әңгіме еліміздің солтүстігі, орталығы және шығысы жайлы болып отыр. Егер Ақмола, Қостанай, Павлодар, ШҚО және Қарағанды облысының 30 жыл өткеннен кейінгі қазіргі шекарасындағы халық санының өзгеру динамикасына қарайтын болсақ, онда қорқуға болады.

Аталған уақыт ішінде Қарағанды облысындағы халық саны шамамен 400 мың адамға азайған немесе халықтың 21%-ын жоғалтқан. Ал ШҚО болса 400 мыңнан астам адамды немесе халықтың 22%-ын жоғалтқан. Ақмола және Қостанай облыстарының әрқайсысы халықтың  28%-ын сақтай алмаған, яғни сандық көрсеткіште 300 және 350 мың адам. Отыз жыл ішінде тек Павлодар облысы ғана халық санын аз жоғалтқан, олардағы халық саны 200 мың немесе шамамен 20%-ды құрайды.  Әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай нашар. Облыстағы халық саны 420 мың адамға немесе 45%-ға азайған.

Демографиялық жоғалтулардың көп болғаны сонша, Павлодар облысындағы халық саны ХХ ғасырдың соңындағы 70-жылдарға, ал Қостанай, ШҚО және Қарағанды облыстары 60-жылдарға сәйкес келген. Нұр-Сұлтан қаласын есептемегенде, Ақмола облысындағы қазіргі халық саны облыста 50-жылдардың соңында тіркелген санға сәйкес келіп отыр. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында тұрып жатқан халық саны тіпті соғыс жылдарына дейінгі 30-жылдардағы көрсеткішке тең. Елдегі халық саны тек батыс пен оңтүстіктің арқасында өсіп отыр.

Осындай әр бағыттағы демографиялық тренд елімізде әлі көп жыл сақталатын болады.

Мақсат Имандосов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу