Темірдей қатты санкция

"АрселорМиттал Теміртау" нарықтың өзгермелі жағдайына байланысты  Иранға прокат жеткізуді шектейді.

Темірдей қатты санкция Фото: Комсомольская правда Казахстан

"АрселорМиттал Теміртау"-дың  ("АМТ") Иранға қарсы санкциясына қатысты АҚШ үкіметіне тәуелді болуы, Ирандағы металлургияның дамуымен байланысты болып отыр. Аbctv.kz-ке осындай пікірді СНРА корпоративтік рейтингтер тобының директоры Максим Худалов айтты.

"Менің білуімше, ирандық импорт 2011 жылы еліміз өз металлургиясының қуатын айтарлықтай өсіре бастаған кезде төмендей бастады. Әсіресе жалпақ прокатқа қатысты. Осыған байланысты жаңа санкциялардың қаупі экспорттаушылармен Иранға жеткізулерді төмендетуді түсіндіру үшін пайдаланылуда. Ал "АМТ" стратегиясына келер болсақ, онда олардың ресейлік нарыққа жеткізу жасауы тиімдірек. Бұл ретте "АМТ"-ның Иранға метал өнімін жеткізуі қалай да іске асыратынын айтқым келеді, бірақ бұл жаһандық ойыншыны АҚШ санкциясының астында қалдырмас үшін тәуелсіз трейдерлер арқылы іске асырады", – деп жазды Максим Худалов электрондық поштада.

Еске салар болсақ, бұған дейін "АМТ" баспасөз-қызметі Иранға ыстық прокатты жеткізу тоқталғанын мәлім еткен болатын деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". Бұған тамыз айынан бастап таяу шығыс еліне металды енгізуге қатысты енгізілген АҚШ санкциясы себеп болған. Сонымен қатар қараша айында Американың саяси қысымы ирандық қаржы жүйесімен байланысты транзакцияларға әсер етеді.  Мамыр айында Иран 2015 жылы жасалған ядролық келісімнен шығу туралы шешім қабылдағаннан кейін, АҚШ Иранға қатысты санкциялық режимді одан сайын күшейтті.

"Мамыр айында Трамп ел өзінің жаман әрекет жасау ойын өзгертсін деп, сондай-ақ жаһандық қаражаттың тыйым салынған террористік және ядролық қызметке түсуін тоқтату үшін Иранға қатысты кейбір санкцияларды қайта қалыпқа келтірді. Әлемдегі компаниялардың Иранмен бизнес жасамауын қолдаймыз. Сонымен қатар компаниялардың Иранды бизнес жүргізу үшін қауіпті жер деп бағалауы да оң қадам болды", – деді abctv.kz-ке Қазақстандағы АҚШ елшілігі.

"Интерфакс" ақпарына сүйенер болсақ, "АМТ" баспасөз-қызметі санкция жойылғанға дейін жеткізу жасалмайтынын айтқан. Тау-кен-металлургия саласындағы дереккөз жаңалық агенттігіне берген түсініктемеде компанияның Қазақстан мен Иран арасында банктік қатынастың болмауынан Ираннан түсетін пайданы қаржылық транзакциялауға қатысты қиындықтарға тап болып отырғанын айтты. Бұрын болған қаржылық механизм қазір тоқтатылған деп көрсетті ол "Интерфакс"-қа.

Сала дереккөзі abctv.kz-ке 2017 жылы "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорны Иранға 298163 тонна ыстықтай илемделген  прокат экспорттағанын мәлім етті.

"Санкцияның салдарынан "АМТ" қазір транзакцияны доллармен жасай алмайды. Санкцияға дейін олар Дубай арқылы төлем жасайтын, бірақ конвертациядан 8%-ға дейін шығын көретін. Олар төлем тұтынушыға тікелей жету үшін екі елдің ұлттық банктерінде теңге мен реал резервін қарастыруды ұсынып отыр", – деді ол.

"Бұл өндірілетін жылдық көлемінің үштен бірі. Бұрын да санкциялар болды, бірақ жеткізіп тұрдық. Конвертацияға қатысты қиындықтар болды, бірақ біз оны айналып өтудің жолын тауып жүрдік", – деп жазды мәжіліс депутаты Альберт Рау Facebook әлеуеметтік желісінде.

Мұның алдындағы америкалық санкцияларға қарамастан, 2014 жылы Қазақстан Иранға 498,5 млн доллардың жалпақ прокатын экспорттаған. Соңғы үш жылда сауда көлемі 40%-ға түсіп, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 300,6 млн доллар болды деп көрсеткен 365info.kz веб-сайты. Сайттың ақпарынан қазір "АМТ"-ның жеткізуі негізінен Ресей мен Өзбекстан нарығына бағытталғанын білуге болады.

2017 жылы Astana Mining & Metallurgy конгресінде "АМТ" басшысы Парамжит Калон abctv.kz тілшісіне импорттық баж салығы жоғары болуынан, компанияның Иранға метал өнімдерін жеткізуі төмендеді деген болатын.

Гүлназ Ермағанбетова, Данияр Сериков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу