Төлемдер мен айыппұлдар және өсімақылар онлайн-несиенің 3,5 "негізгі сомасынан" аспайды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
3101

Қазақстандық "ФинТех" қауымдастығының мүшелері "қанау" тәжірибесін алып тастамақ. 

Төлемдер мен айыппұлдар және өсімақылар онлайн-несиенің 3,5 "негізгі сомасынан" аспайды

Қазақстандық "ФинТех" қауымдастығы онлайн-несие беретін компаниялардың мерзімін кешіктіргенде төлейтін сомасын несиенің 3,5 "негізгі сомасына" дейін шектеді деп хабарлады "Бірінші несие бюросы" ЖШС мен қазақстандық "ФинТех" қауымдастығының баспасөз-қызметі бірлескен мәлімдемесінде.

"2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн-несие беретін компаниялардан қарыз алушылары төлеу мерзімін қанша кешіктіргеніне қарамастан, айыппұл мен өсімақының жалпы төлемі несиенің 3,5 "негізгі сомасынан" аспайтын болады", – деп көрсетілген мәлімдемеде.

2018 жылдың басынан бастап "ҚазФинТех" қауымдастығына мүше-компаниялар несиені кешіктіріп төлейтін қарыз алушылардан түпкілікті соманы шектеудің өзгертілген стандарты бойынша жұмыс істейді. Бұл 1 қаңтардан бастап компаниялар негізгі қарыздың 3,5 "негізгі сомасынан" артық  ақша ала алмайды деген сөз. Бұған дейін стандарт негізгі қарыздың 4 "негізгі сомасын" (4 "негізгі сомаға" дейін айыппұлдар мен өсімақылардың жалпы төлеміне шек қойылмайтын) құраған болатын. Өзгерту 2016 жылы жазда қабылданған нарықты дамытудың жол картасы аясында енгізіліп отыр.

Негізгі қарыздың 4-тен 3,5 стандартына көшу– несие беруші-компаниялардың мерзімін кешіктіріп төлеп жүрген қарыз алушыдан алатын түпкілікті сомасы негізгі қарыздың 3,5 "негізгі сомасынан" аспайды. Мысалы, егер қарыз алушы 10 мың теңге несие алса, оның қарызының түпкілікті сомасы кешіктірген мерзіміне қарамай 35 мың теңгеден аспайды,

"Өндіріп алынатын түпкілікті соманы шектеу бойынша уағдаластық – қауымдастыққа мүше-компаниялардың жұмысындағы оң қадам деуге болады. Себебі бұл нарықты дамытудың жалпы идеясына сай келеді, ал ол одан әрі тұрақтандыру мен институттандыруға ұмтылуда. Біз жауапты кәсіпкерлер ретінде ұзақмерзімдік пен тұрақтылыққа қол жеткізуге ұмтыламыз. Сондықтан мәселені Ұлттық банк тарапынан реттеуді  ұсындық, ол әзірге талқыланып жатыр. Бірақ та қазір маңызды мәселелерге қатысты шектеу сипатындағы шараларды өзіміз қабылдап жатырмыз, себебі нарықтың жүйелі және сапалы дамуына мүдделіміз. Ал бұл мәселеде тұтынушының қорғалуы – басты  кезең", – деп атап кетті "ҚазФинТех" атқарушы директоры Ерлан Смайлов.   

"Бірінші несие бюросы" ЖШС-ның бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әсем Нұрғалиева қазақстандықтардың несие тарихына қатысты бұл өзгеруге түсініктеме беріп: "Бұл жағдайда несие бюросының ақпаратын жаңартуда мерзімі өткен күндердің саны көбейген қорытындымен артатын болады, ал мерзімі кешіктірілген қарыз сомасы негізгі қарыздың  3,5 сомасына тең болып есептеледі. Қазіргі уақытта жаңа стандарт енгізуге байланысты келісімшарттарды жаңарту жүргізіліп жатыр. Келісімшарттар 2018 жылдың  I тоқсанында толық жаңартылып бітеді деп отырмыз. Естеріңізге салар болсақ, қазақстандықтар мерзімі өткен берешегі бар/жоқ екенін жылына бір рет тегін берілетін жеке несие есебінен ала алады", – деді. 

Ерлан Смайлов қарыз алушылар үшін шарт салалық стандарттарда көрсетілгеннен гөрі тиімдірек  екенін айтып: "Компания мен қауымдастық үшін қарыз алушыларды қорғау – негізгі басымдықтардың бірі және компаниялар жауапты қарыз алушылардың өз несиесін қайта құрылымдау мен басқару мәселелеріне қатысты ымыра жасайды. Тұтынушыларға қатысты "қанау" тәжірибесі болмас үшін бизнес компанияларды саналы түрде шектейміз. Тұтынушымен дұрыс қарым-қатынас жасау маңызды, біз соны қауымдастық аясында атқарып жатырмыз. Тұтынушыны қорғауға қатысты өз стандарттарымызды әзірлеудеміз. Шын мәнісінде өндіріп алынып жатқан сома стандартта көрсетілгеннен төмен", – деді.

"Бірінші несие бюросы" ЖШС 13 жыл бұрын қарыз алушы мен қаржылық ұйымдар арасында неғұрлым айқын қарым-қатынас  қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған. 250-ге жуық  ұйым бюроға  ақпарат жеткізушілер қатарында. Ұлттық банк мәліметі бойынша, БНБ-ның несие есебін несие нарығының 98,4%-ы пайдаланады. "Бірінші несие бюросы" ЖШС – Қазақстанда несие берудің ең өзекті статистикасы базасында алдын ала сараптама сервисін әзірлеу саласында көшбасшы. БНБ мәліметтер базасында 38 млн-ға жуық келісімшарт бар, оның Goodwill-сі 12 млрд теңге деп бағаланып отыр.

"Қазақстандық "ФинТех" қауымдастығы" ЗТБ 2015 жылдың қазан айында тіркелген. Қауымдастық онлайн-несие беру нарығында жұмыс істейтін компаниялар жұмысын үйлестіру мен шоғырландыру үшін құрылған. Қауымдастық жұмысы нарықты және финтех-индустрияларды дамытуға, компания секторының ортақ мүдделерін қорғау мен ілгерілетуге негізделген. Тап қазіргі уақытта қауымдастыққа онлайн-несие беру нарығының 90%-ын шоғырландырушы 14 компания кіреді.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу