Trophée Eric Bompard-2016: Денис Теннің әлемдік көрсеткіші

6486

Францияда мәнерлеп сырғанаудан өткен Trophée Eric Bompard сайысынан "күміс" жүлдені иеленген еліміздің спортшысы әлемдік Гран-приде өз көрсеткішін бір сатыға жақсартты. 

Trophée Eric Bompard-2016: Денис Теннің әлемдік көрсеткіші

Trophée Eric Bompard сайысында отандық спортшы Денис Теннің жеңісі әлемдік Гран-приге (конькимен жүгіру спортының Әлемдік Кубогының баламасы) жету жолындағы ең сәтті кезеңінің бірі. 2014 жылы Бордо қаласында өткен (сайыстың бұл кезеңі Франция қалаларында ұйымдастырылады, соңғы үш жылда елдің оңтүстік-батысында өткізіліп келеді) аталмыш кезеңде Денис Тен қысқа бағдарлама және еркін мәнерлеп сырғанау бағдарламасында жинаған ұпай көрсеткіші бойынша үшінші орында болған.

Өткен жылы Францияда болған лаңкестік оқиғаға байланысты Trophée Eric Bompard тоқтатылған, ал әлемдік Гран-придің биылғы француздық кезеңінде Денис Тен екінші орынға нық бекіді.

11 қарашада өткен сайыстың бірінші күнінде Денис Тен 89,21 ұпай жинап, үшінші орында, ал қысқа мәнерлеп сырғанау бағдарламасының жеңімпазы – испандық Хавьер Фернандестің өнерін қазылар алқасы 96,57 ұпайға бағалап, екінші орын 92,85 ұпаймен американдық Натан Ченге бұйырған болатын.

Сенбі күнгі еркін мәнерлеп сырғанау бағдарламасында Денис Тен 180,05 ұпай жинап, ал жалпы көрсеткішті 269,26 баллмен толтырып, шешуші сайыста екінші орынға жайғасты. Бірінші орында 285,38 жалпы ұпай көрсеткіштегі қысқа мәнерлеп сырғанау бағдарламасының жеңімпазы Хавьер Фернандес, ал үшінші орын ұпай жиынтығы 267,53 баллды көрсетіп отырған американдық Адам Риппонның еншісінде.

Trophée Eric Bompard – мәнерлеп сырғанаудан әлемдік Гран-при алдындағы алты кезеңнің бірі ғана екенін атап өткен жөн. Trophée Eric Bompard, NHK Trophy (Жапония), Cup of Russia, Cup of China, Skate Canada International және Skate America – алты турнирдің қорытындысы бойынша әйелдер мен ерлер арасындағы жекелей, жұптасып, топтасып мәнерлеп сырғанаудан алты үздік спортшыдан Grand Prix of Figure Skating Final сайысына шығады. Спорттың бұл түрінен үздіктер арасында өтетін жыл сайынғы шешуші сайыс түрлі елде өткізіліп отырады.

Атап өтетін маңызды жайт, әлемдік Гран-приге мәнерлеп сырғанау спортының қай түрінен болсын Қазақстан спортшылары бұрын-соңды қатысып көрмеген еді. Дегенмен де 2014-2015 жылғы маусымдық сайыстың шешуші кезеңіне еліміздің екі спортшысы жеткенін ескеретін болсақ, Денис Тен Grand Prix of Figure Skating Final сайысының қосалқы қатысушысы мәртебесін, яғни алты спортшыдан тұратын біріншілік арасынан біреуі сайысқа қатыспаған жағдайда сайысқа шығу мүмкіндігін иеленген болатын (бір сөзбен айтқанда, Денис Тен бұл сайыста сегізінші орында болған).

Әлемдік Гран-придің әйелдер арасында жекелей мәнерлеп сырғанау сайысында отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева дәл осындай мәртебені қанжығаға байлаған болатын. Естеріңізге салсақ, 2014-2015 жылғы маусымда Денис Тен Trophée Eric Bompard сайысында Денис Тен үшінші орында болса, биылғы жылы осы турнирде екінші орынға шыққан. Бұл отандық спорт тарихында спортшыларымызды Гран-при финалына шығаратын бірден-бір жолдама ма? Бұл болжамның тоқетері желтоқсан айында Марсельде өтетін сайыстың жетінші кезеңінде қойылмақ.

Денис Теннің Гран-при финалына шығу-шықпауы жайында әзірше дөп басып айту ерте. Өйткені, спортшы осы жылғы 28-30 қазанда өткен Skate America сайысына, қазанның 28-30 аралығында өткен Skate Canada International және 4 қазанда болған Cup of Russia сайыстарына қатыспаған болатын. Денис Тен тек Әлем Кубогының төртінші кезеңінде қатарға қосылуына қарамастан, үздік нәтижеге қол жеткізіп, Марсельде өтетін сайысқа жолдама алуға бекем бел буғанын жасырмады.

"Жылы сөз айтып, қолдағандарыңызға рақмет айтамын. Бүгін мұз айдынына қайта оралуға нақты қадам жасадым. Бұл ең алдымен команданың нәтижесі, еңбекқорлығы мен тынымсыз күресі. Алдымыздағы көкжиек анықталғаннан кейін жаңа жетістіктеріммен жиі бөлісіп отыруға тырысамын", – деп Денис Тен Instagram әлеуметтік парақшасында жанкүйерлерге өз ілтипатын білдірді. Үздік алтылықтың қатарында қалу үшін Денис Тен алдағы уақытта өтетін Cup of China (18 қараша) және NHK Trophy (үстіміздегі жылдың 25 қарашасында) екі турнерден сүрінбей өтуі керек. Гран-при финалы Марсельде үстіміздегі жылдың 8 желтоқсанында өтеді.

Игорь Воротной 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу