Тұрғын үй нарығы баға теңгерімін реттейді

9175

Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның төмендеуі 2018 жылы да жалғасады. 

Тұрғын үй нарығы баға теңгерімін реттейді

Өткен жылы тұрғын үйді сатып алу-сатуға қатысты жасалған келісімнің саны үш есе (28,6%) өскен. Алайда бұл тұрғын үй бағасында сезілмеді. Керісінше, бұрынғы тұрғын үй қорындағы асыра бағаланған аудандар шамалы арзандады. Ал жаңа салынған үйлердегі шаршы метрдің бағасы еш өзгермеді. Жылжымайтын мүлік нарығы жыл бойына алдағы жылдарда орын алған валюталық өзгеріс салдарын қалыпқа келтірумен болды. 2018 жылы да айтарлықтай өзгеріс болады деген болжам жоқ.

Тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша Астана көшбастап тұр. Қаңтардан бастап қараша айын қоса алғанда елордада 32491 келісім жасалған екен. Одан кейінгі орында Алматы қаласы тұр, бұл жерде осы уақыт ішінде жасалған келісім саны 3152-ге жеткен. Үшінші орынға Қарағанды облысы шыққан. Бұл өңірде жасалған келісімшарт 23120 болған. Соңғы орындарға Атырау және Қызылорда облыстары орналасқан. Бұл өңірлерде 4502 және 4668 рәсім жасалған.

2017 жылы Қазақстанда жасалған жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімінің саны бойынша динамика. 

Дереккөз: ҚР ҰЭМ-ның статистика комитеті

Ал шаршы метр бағасындағы өзгеріс жайын сөз етер болсақ, онда 2017 жылы бұл өзгеріс қайта сатылған жылжымайтын мүлік сегментінде байқалды. Ресми статистика мәліметі бойынша қарайтын болсақ, 2016 жылдың осындай кезеңіндегі бағамен  салыстырғанда бастапқы жылжымайтын мүлік сегментінде 1,7% төмендеу болған, ал қайталама жылжымайтын мүлік 2,3%-ға арзандаған.

"Егер 2017 жылдағы  ай сайынғы көрсеткіштерді өткен жылмен салыстырып сараптап, Қазақстандағы баға туралы айтатын болсақ, онда айтарлықтай өзгерістің болмағанын көреміз. Ал "жаңа баспана" мен "ескі баспана" аралығын қарайтын болсақ, онда тағы да үлкен өзгеріс болмағанын байқаймыз. Жаңа баспана бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда 1,7%-ға, ал қайталама баспана шамамен 2,3%-ға төмендеген. Яғни көрсеткіш шамалы ғана. Қайталама баспана бағасы төмендеуде, себебі асыра бағаланған нысандар саны көп. Бұл салынғанына 40 жыл болған нысандар. Олар жақында салынған нысан бағасынан жоғары болмауға тиіс. Шын мәнісінде, баға не өспеген не төмендемеген. Жалпы бұл процесті тұралау деп атауға болады", – деді риелторлардың бірлескен қауымдастығының вице-президенті Нина Лукьяненко.

2017 жылы Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасының өзгеруі

Дереккөз: ҚР ҰЭМ-ның статистика комитеті

Нины Лукьяненконың айтуынша, өздеріне арнап алынған баспаналарға деген сұраныс үлкен. Жаңа үйден немесе қайталама жылжымайтын мүліктен алса да, сатып алушылар көлемі шағын пәтерлерді таңдауда. Сарапшының ойынша былтырғы жылдың барлық тенденциясы 2018 жылы да жалғасады. "Жаңа баспаның бағасы өз бағасын сақтап қалады. Құрылыс салушылар уақытша акция жариялауы мүмкін. Қайталама баспана бағасы төмендейді. Бұл бағасы тым артық бағаланған жылжымайтын мүлікке қатысты әңгіме. Қазір жасалып жатқан келісімдерге қарап, не бір өсу не төмендеуге қатысты нақты тенденцияның бар екенін айта алмайсың. Баға күрт өзгереді деген болжам жоқ", – деді сарапшы.

Ол бұл елдегі қазіргі экономикалық жағдай, сондай-ақ құрылыс салушылар мен баспана сатып алушыларға несие берудің қолжетімділігі сақталатын болса ғана мүмкін екенін айтты. 

Гүлназ Ермағанбетова, Динара Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу