"Ұлт тағамдары" атты челлендж басталды

2126

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

"Ұлт тағамдары" атты челлендж басталды

express-k.kz:"Ұлттық-мәдени орталықтар Қазақстан халықтар бірлігі күніне орай аспаздық челлендж бастады" деп жазады атылмыш басылым. "Ұлт тағамдары" атты аспаздық челленджді Қарағанды облысындағы ұлттық-мәдени орталықтар бастаған.

Басылымның хабарлауынша, челлендж барысында түрлі ұлт өкілдері ұлттық тағамдарды жасаудың әдісімен және құпиясымен бөліседі. Бұл жерден  – сүзбеден жасалған украиндық варениктерді, орыс ұлтының құймақтарын, татар бәлішін, шешен халқының шепалғашы және корей көксиін табуға болады. Әзірлеген тағамдардың барлығын ұлттық-мәдениет орталық өкілдері көпбалалы отбасыларына және жұмыс істеп жатқан медицина саласының мамандары мен кезекте жүрген полицейлерге береді.

"Қарағанды облысындағы Халық Ассамблеясы бөлімі мамырдың 1 күні балконға шығып, алдымен Қазақстанның әнұранын орындап, соңынан халық әндерін орындауға шақырды", – деп жазады басылым. 

Liter.kz: "Коронавирус Қазақстан табиғатына көмек берді ме" деп жазады аталмыш газет тілшілері. Олар Қазақстан табиғатының жағдайына шолу жасап, нәтижесінде ауасы мен суының тазарғанын байқаған.
 
Коронавирус өмірдің барлық саласына өзгеріс әкелді. Бұл өзгертулерден экология саласы да құр қалған жоқ. Түрлі мекемелер мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатуға байланысты табиғат бір сәтте өзгере бастады. Басылымның хабарлауынша, Қазақстанның көптеген қаласындағы өзендердің суы мен ауасы тазарды.
 
"Сонымен қатар, Liter.kz тілшілері карантин браконьерлердің әрекетіне қалай әсер еткенін анықтады. Экология министрлігі бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда браконьерлік қылмыс саны 10 пайызға төмендегенін айтқан. Алайда мамандар экология мәселесі карантин сияқты шектеулермен шешілмейтінін айтып отыр", – деп жазады басылым.

camonitor.kz : "Тіл мәселесі және жаңа текетірес: Қазақстанды бұл неге әкеліп соқтыруы мүмкін?" атты мақала жарық көрді. Бұл материалда автор қазақ және орыс тілдерінің мәртебесіне арналған мәселе төңірегінде сөз қозғаған. Жуырда қазақ тілінің жанашырлары арнайы ашық хат жолдап, мемлекеттік тілді қолдаушылар арасында петиция жариялады, мұндай қадамға орыс тілінің жанашырлары да барды. Осыған байланысты газет тілшілері орын алып отырған жағдай жөнінде сарапшылардың пікірін біліп, ортаға салған.

Басылымның хабарлауынша, коронавирус індетімен күрес қыза түскенде, тіл мәртебесіне байланысты екі бірдей петиция пайда болды. Біріншісі, "Қазақ үні" газетінде жарияланып, қазақ тілін қолдап, орыс тілінің мәртебесін төмендетуді талап етті, оған қарама-қарсы петиция Avaaz сайтында жарық көрді. Бұл мәселе жөнінде пікірін ортаға салған танымал журналист әрі публицист Жәнібек Сүлеевтың пікірінше, тіл мәселесімен кәсіби мамандар айналысу керек.  

"Менің пікірімше, бұл азаматтардың елді шулатудан бұрын қолынан келетін іспен шұғылданғаны дұрыс. Себебі қазіргі кезде тілде өзекті мәселелер жетіп жатыр. Мәселе коронавируста емес, мәселе алда тұрған жаңа өзгерістерде болып тұр", – дейді Жәнібек Сүлеев.

Қазақ тілінің мәртебесі жоғары болуды қалайтын философия ғылымдарының кандидаты Еркін Байдаров бұл мәселені асықпай шешу керек дегенді айтады. Оның пікірінше, өмір бәрін өз орнына қойып береді. Ал бейбітшілік пен тұрақтылық мәселесі бірінші орында тұруға тиіс.

caravan.kz: Орал қаласындағы басты мәдениет және демалыс саябағы төңірегінде әжептеуір дау туындап отыр деп жазады аталмыш газет. Себебі елде төтенше жағдай және карантин енгізіліп жатқан тұста Орал басшылары бұл саябақты сенімді басқаруға беру мақсатында саудаға салған. Жергілікті биліктің бұл әрекетіне халық наразы.  

Аталмыш басылымның хабарлауынша, мемлекет саябақты 10 жылға дейін өтеуін төлеп алуға мүкіндік бермейтін шартпен сенімді басқаруға беруді көздеген. 24 сәуір күні саябақ саудаға түсуге тиіс болған. Қалалық басшылардың айтуынша, инвесторлар саябаққа ақша салып, көркейтеді. Алайда қала тұрғындары оған көнер емес. Себебі олар инвесторлар саябақтың сөлін алып, жарамсыз болғанда мемлекетке қайтарып береді деп отыр.

"Әлеуметтік желілерде көтерілген дауды облыс әкімі Ғали Есқалиев басты. Фейсбуктегі парақшасында әкім саябақты сенімді басқаруға беруге арналған сауданы уақытша тоқтатқанын айтты. Әкім тендер ережелері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік талаптарына сай келмейтінін сөз етті. Саябақ жекеменшікке беріледі, бірақ байқаудың жаңа талаптарына сай, арнайы жұмыс тобы құрылғаннан кейін беріледі, жұмыс тобы бұл шараның іске асқанын бақылап отыратын болады", – деп жазады басылым.

Басылымның хабарлауынша, Оралдағы саябақ Қазақстандағы ең көне саябақтардың біріне жатады. Оның іргетасы XIX ғасырдың бірінші жартысында Столыпинның саябағы ретінде салынған болатын. Бұл саябақта 1891 жылы Орал қаласының атаманы ұлы орыс жазушысы Лев Толстойды қабылдаған.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу