Ұлттық қордан 6 айда 1,8 трлн теңге жұмсалды

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
4395

Бірінші жартыжылдықта Ұлттық қордың кірісі 3 есе өсіп, 2 трлн теңге көлеміндегі рекордттық көрсеткішке жетті. Оң нәтижеге инвестициялық табыстың ұлғаюы әсер етті.

Ұлттық қордан 6 айда 1,8 трлн теңге жұмсалды

Соңғы 6 айда Ұлттық қордың инвестициялық табысы 405,6 млрд теңгені құрады. Салыстыратын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Ұлттық қор 785,4 млрд теңге көлемінде шығын шеккен болатын.

Маусым айының соңындағы дерек бойынша, Ұлттық қордың қаражаты

26,2 трлн теңгеден асты. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл сома

22,1 трлн теңгені құраған еді.  

Жаздың алғашқы айында Ұлттық қордың қаражаты 0,8%-ға немесе 195,7 млрд теңгеге көбейді. Ақшаның еселенуіне оның бұрынғыдай оңды-солды жұмсалмауы себеп болды.

Естеріңізде болса, 2013 жылы Ұлттық қордан 1,4 трлн, 2014 жылы 2 трлн,

2015 жылы 2,5 трлн, 2016 жылы 2,9 трлн, 2017 жылы 4,4 трлн теңге жұмсалды. Ал 2018 жылы Ұлттық қордан 2,6 трлн теңге алынды. Дәл осы жылы үкімет "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға 2019 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке қаражат қарастырмау мәселесін енгізді. Бұл – биыл қазына қаржысы Ұлттық қордан толтырылмайды деген сөз. 

Ұлттық қорға салық түрінде түскен төлемдерге келетін болсақ, бұл жерде әдеттегідей мұнай секторы көш бастап тұр. Есептік кезеңде мұнайшылар 1,5 трлн теңге немесе жалпы түсімнің 77,7%-ын аударды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,5% немесе 1,4 трлн теңгеге көп көрсеткіш.

Ұлттық қорға мемлекет меншігіндегі тау-кен өнеркәсібі мен шикізат өңдеу салаларын жекешелендіруден 14,5 млрд теңге түсті. Былтыр бұл сома с 8,1 млрд теңге шамасында болды.

Ұлттық қордан соңғы 6 айда 1,8 трлн теңге жұмсалды. Былтыр дәл осы кезеңде ел игілігіне 1,4 трлн теңге жаратылған еді.

Кепілдендірілген трансферт 1,5 трлн теңге болды. Бір жылда көрсетілген сома 1,1%-ға көбейді. Бірінші жартыжылдықтықтың қорытындысында мақсатты трансферт көлемі 370 млрд теңгеге жетті. Ал қорды басқаруға және жыл сайын жүргізілетін ішкі аудитке 5,7 млрд теңге бөлінді. Бір жыл бұрын бұл мақсатқа 11,8 млрд теңге қарастырылған.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу