Жасырын сақтық қорлары

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
16796

Сенат депутаттары еліміздің ең негізгі қаржы құжатынан "жасырын қорларды" тапты.

Жасырын сақтық қорлары

Бейсенбі күні болған пленарлық отырыста сенаторлар алдағы үш жылдың республикалық бюджет жобасын қарастырды. Тіпті қаражаттың шектеулі жағдайында шығындардың осы немесе басқа баптарына қаражат бөлуден бас тартаса да, мемлекеттік қазынадан бірқатар бағытты қаржыландыруға қаражат табылды.

Үкімет қорының қысқаруы есебінен Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының сумен қамту және су тарту саласына, Павлодар, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының көлік саласына, оның ішінде көлік жолдарын жөндеуге, Батыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, оның ішінде тұрғын үй құрылысы үшін инфрақұрылымды жетілдіру, елді мекендерді газбен қамту жобаларын қаржыландыруға тек 2017 жылдың өзінде қосымша 26,1 млрд теңге қарастырылыпты.

Үкіметтік қордың қысқаруы есебінен 2018 жылы бұл бағытқа 16,8 млрд теңге, 2019 жылы 10,1 млрд теңге бөлінбекші.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасындағы "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасын өнімді еңбекпен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамыту бағдарламасы етіп өзгертуге 113,5 млрд теңге көлемінде қаражат, оның ішінде 2017 жылға 37,3 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ұлттық экономика министрліктеріне тең бөлініпті.

Бірақ бұл шығындардың барлық жаңа баптары емес.

Сыртқы істер министрлігіне үш жыл ішінде "Қазақстан Республикасының мүдделерін шетелде таныстыру" шаралары шығындарының бабы бойынша қосымша 1,1 млрд теңге беріледі. Бұл түзетуге берілген түсініктемеде айтылғандай, бұл қаражат "президент жарлығымен сыртқы істер министрлігіне ҚР ҰҚК-дан 31 штаттық бірлікті беруге сәйкес" қажет.

"Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша Ұлттық ұланды материалдық-техникалық жабдықпен қамтамасыз ету үшін ішкі істер министрлігіне қосымша 4,5 млрд теңге бөлінеді.

Атап айтқанда, ұшақ (Ү-8) пен тікұшақ (Ми-171Е), сауытты автотехника, қару-жарақ, оқ-дәрі, байланыс құралдарын, сондай-ақ түрлі арнайы тітіркендіргіш зат сатып алу көзделген көрінеді.

Халықаралық "Астана" қаржы орталығын құруға, дамыту мен ұстауға жыл сайын 3 млрд теңге бөліну ұсынылыпты.

"Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу және насихаттау, мұрағат ісін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру" бағдарламасы бойынша мәдениет және спорт министрлігіне шамамен 1,7 млрд теңге бөлу жоспарланыпты.

Бұл қаржы былайша бөлінетін көрінеді: "Оқитын ұлт – Ұлы дала елінің болашағы" халықаралық симпозиумын өткізуге – 25 млн теңге, ЭКСПО-2017 Биеналесін өткізуге – 44,7 млн теңге, "Eurasian Book Fair 2017" Еуразиялық халықаралық көрме-жәрмеңкесін өткізуге – 80,3 млн теңге.

Бұл әзірге тек палатада қолдау тапқан сенаторлардың ұсынысы ғана. Заң шығару тәртібіне сәйкес, бұл түзетулермен Мәжіліс депутаттары да келісуге тиіс. Айтпақшы, олар осыдан бір апта бұрын негізгі қаржы құжатын бекіту үстінде үкімет қорын дәл сондай 26 млрд теңгеге қысқартқан болатын. Егер мәжіліс депутаттарының қарсылығың болмаса, заңды парламент қабылдауға тиіс.

Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу