"Самұрық-Қазына" мұнай өңдеу зауыттарын IPO арқылы сатуды қарастырып жатыр

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
3079

Мұнай бағасы барреліне 50 доллардан көтерілмейінше "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның IPO-сы өтпейді.

"Самұрық-Қазына" мұнай өңдеу зауыттарын IPO арқылы сатуды қарастырып жатыр

Үш мұнай өңдеу зауыты "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның IPO пакетінде жекенің қолына берілуі мүмкін. "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, МӨЗ-ді сату әдісі үкімет деңгейінде талқыланып жатыр.

"МӨЗ-ді "ҚазМұнайГаздың" IPO құрамына қалдыратын шығармыз. Осылайша, өндіру, өңдеу және тасымалдау қызметтерін біріктірген компанияның құны қымбатырақ болады. Бұл мәселені біз қазір үкімет деңгейінде қарастырып жатырмыз", – деді ол, abctv.kz-тің сұрағына жауап беруде.

Соңғы шешімді қабылдау мерзімін айтуға Берік Бейсенғалиев қиналды, бірақ биылғы жылдың соңына қарай бұл мәселенің анық-қанығы мәлім болатынына үміттенетінін айтты.

"Бізде жобалау кеңселері бар, ол жерде осы мәселелер талқыланып жатыр. Біз осы нұсқа тиімді деген шешімге келдік", – деді ол.

Топ-менеджер "ҚазМұнайГаз" компанияларын IPO-ға шығару мерзімі шикізат ресурстарының бағасы мен нарықтың дайын болуына байланысты екенін айтты. 

"Бұл IPO дәл 2018 жылы болады деген сөз емес. Бұл индикативті мерзім. Осы уақытқа дайын болуымыз керек. Бірақ соңғы шешім "ҚазМұнайГаз" компаниясын  IPO-ға шығарғаннан кейін, яғни компанияның дайындығы мен нарықтың дайындығы, энергия ресурстарының бағасына қарап қабылданады", – деп түсіндірді Берік Бейсенғалиев.

"Біз бағаның өскенін күтеміз", – деді ол.

Бұдан бұрын энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы мұнай өңдейтін зауыттар екі тәсіл арқылы жекешендіріледі деген болатын.

"Бұл 2018-2019 жылдары өтетін IPO болуы мүмкін немесе жеке стратегиялық инвесторға жекешелендіру. Мысалы, "Самұрық-Қазына" кеңесшілерді жалдаған болатын, ал олар ел үшін тиімдісі IPO-ға шығарып, саудадан көп табыс табу деген. Ал "ҚазМұнайГаздың" пікірі басқа", – деген болатын  министр.

Гүлназ Ермағанбетова, Ирина Севостьянова, Құралай Әбілғазина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу