Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 2 әуе компаниясының қызметі және 17 әуе кемесін пайдалану тоқтатылды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл көлік прокурорларының 2 мыңнан астам заңбұзушылықтарды анықтағаны, 300 мыңнан астам азаматтың құқықтарын қорғағаны, 757 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылған.
Ден қою шараларымен 1,1 млрд теңге өндірілді, сонымен қатар 825 млн теңге мемлекет пайдасына және 3 900 жұмысшының пайдасына 146,9 млн теңге жалақы берешегі.
139 заңсыз автотасымалдаушы анықталып, заңсыз жабдықталған 94 автобус маршруттарынан шеттетілді.
Қадағалау актілері бойынша 1600 км астам мұнай-газ құбырлары жөнделді және ауыстырылды, уәкілетті органдармен магистральдық құбырлардың күзет аймақтары мен аз қашықтықтарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
"Профилактика шараларымен көлік нысандарында қылмыстың 9,5% азаюына қол жеткізілді. Астана әуежайындағы жүктерді ұрлау саны 50%, Алматы әуежайындағы 23% дейін азайды. Цифрландыру бағдарламасы аясында электрондық форматта 28 қылмыстық іс тергелді, оның ішінде 18-і аяқталды, 3-еуі сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.
Соттармен 970 адамға қатысты 828 қылмыстық іс қаралды.
63 адам бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық айыппұл 219 адамға қатысты 224,7 млн теңге сомасында қолданылды, оның 98%-ы немесе 220,8 млн теңгесі ерікті түрде төленді.
"Сондай-ақ, алқада жекелеген прокурорлардың жұмысында жіберілген олқылықтар мен кемшіліктердің себептері қаралды, ұйымдастыру шаралары қабылданды. Мәжіліс қорытындысы бойынша бас көлік прокуроры нақты міндеттерді белгіледі, оларға көлік прокурорлары алдағы кезеңде күш-жігерлерін шоғырландыратын болады", - деп хабарлады бас көлік прокуратурасында.