Абай ала­ңын жөндеуге 87 миллион теңге бөлінді

671

 Абай ала­ңын жөндеуге 87 миллион теңге бөлінді

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен "2018-2020 жылдарға арналған менің аулам" бағдарламасы қабылданған еді. Биыл көп қабатты тұрғын үйлер маңындағы он екі ауланы абаттандыруға қалалық бюджеттен 611 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды egemen.kz.

"Семейдің көшелерін және аулаларды абаттандырып, гүл­дендіріп, көріктендіруге қа­лалық бюджеттен 1 миллиард 196 миллион теңге бөлінді, – деді қала әкімі Ермак Бидах­метұлы. – Бұл жұмысты күн сайын қадағалап отырмыз. Саламатты өмір салтын қалып­тастыру үшін қаланың әр жер­інде 11 спорттық алаң салу жоспарланған. Оған 90 миллион теңге қаражат берілді. Әсіресе Абай ала­ңын жөндеуге 87 миллион теңге бөлінуі қала тұрғындары арасында қолдау тапты. Қала көшелерін күрделі және ағымдағы жөндеуге осы жылға 2 миллиард 235 миллио­н теңге бөлінді. Жыл сайын қала көшелерінің жөнделуі тұр­ғындар тарапынан қолдау тауып отыр".

Көптеген жылдар бойы жөн­делмеген Әсет Най­ман­баев көшесі жөн­­деуден өтуде. Соны­мен қа­тар автокөлік көп жүре­тін Тәңірбергенов, Титов, Ор­манды, Қабанбай батыр, Ай­мауытов және тағы басқа көше­лер жөнделуде. Қазіргі уа­қыт­та 36 көше жөн­­деуден өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу