Астана – Теміртау жолында ақы төлеуге арналған пост-терминалдар іске қосылды

815

Мамандар ақылы жолдан жылына 1,5 миллиард теңге қаржы түседі деп болжап отыр. 

Астана – Теміртау жолында ақы төлеуге арналған пост-терминалдар іске қосылды

Астана мен Теміртау арасына көлікпен қатынайтындар бұдан былай ақша төлейді. Жол бойына орнатылған пост-терминалдар іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандар ақылы жолдан жылына 1,5 миллиард теңге қаржы түседі деп болжап отыр. Бұл ақша келешекте автобанды жөндеуге, жол бойындағы қызмет сапасын жақсартуға жұмсалмақ.

2013 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасымен автобан құрылыс басталып, үш жыл бұрын қолданысқа берілді. Енді мұнда ақша алатын пост-терминалдар іске қосылды.

"Ақылы жолдан түскен қаражатты біз яғни осы жолды күтіп ұстау, оны жөндеуге және жолды дамытуға, яғни, жол бойындағы қызмет көрсету орнын дамытуға жұмсаймыз. Бізде қазір бағдарламамыз бар. Яғни осы жол бойындағы жылы дәретханаларды және павильондарды орнатамыз", – дейді , "Қазавтожол" ҰК Бизнесті басқару басқармасының басшысы Бауыржан Камалиден.

Жол құны қолма-қол төлейтіндер үшін – 400 теңге, ал алдын ала төлесеңіз – 200 теңге. Ақыны кез-келген терминал немесе ғаламтор арқылы төлеуге болады. Ал жүк көліктеріне жол ақысы салмағына қарай бағаланбақ.

Мамандардың айтуынша, бұл жолдан тәулігіне 12 мың, ал жаз айларында 20 мыңға дейін көлік өтеді екен. Сондықтан жылына 1,5 миллиард теңге қаржы түседі деп болжанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу