26 ақпанда сағат 14.24-те ТЖД пультіне Атырау – Орал жолында ірі жол апаты орын алды, деп хабарлайды azh.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Оралдан Атырауға келе жатқан DAEWOO маршруттық автобусы Volvo маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде автобустың үш жолаушысы (екі әйел мен ер адам) қаза болды, 20 шақты жолаушы түрлі жарақат алды.
Зардап шеккендер Атырау, Индер және Махамбеттегі медициналық мекемелерге жеткізілді.
Автобуста барлығы 43 жолаушы, соның ішінде Атырауға спорттық турнирге бара жатқан 15 бала болған.
Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, олар үшін ыстық тағам ұйымдастырылып, әрі қарай жеткізу үшін көлік әзірленген.
ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.