Байқоңыр ғарыш айлағына халықаралық ғарыш стансысына аттанатын кезекті экспедицияның мүшелері келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
5 наурыз күні "Союз МС-08" көліктік басқарылатын кемесінің негізгі және қосалқы мүшелері ұшырылым алдындағы даярлыққа кіріседі. Негізгі экипаждың құрамында кеме командирі, "Роскосмос" ғарышкері Олег Артемьев; бортинженерлер, NASA астронавтары Эндрю Фойстел мен Ричард Арнольд бар.
Қосалқы құрам: космонавт Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ник Хейг. Ұзақмерзімді экспедицияның "Союз МС-08" кемесімен халықаралық ғарыш стансысына ұшырылымы 2018 жылдың 21 наурызына белгіленген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу