Балалар ойыншығының 99 пайызы шетелден әкелінеді

1751

Бас санитардың айтуынша, тұрмыстық химия тауарлары, балалар мен жөсөспірімдерге арналған өнімдер, жиһаз, косметика және темекі өнімдеріне тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесінде тұтыну талаптарына сәйкес келмейтін тауарлардың үлесі 21,4% құраған.

Балалар ойыншығының 99 пайызы шетелден әкелінеді

Сырттан келетін балалар ойыншықтарының сапасыз және қауіптілігінің анықталуына байланысты, оны жеткізу көлемі азайтылды. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Елімізге келетін қауіпті және сапасыз деп танылған балалар ойыншықтар саны 16,2% артқан. Осы жағдайдан соң біз бақылауды қатаң қолға алдық. Бүгінде сырттан келетін сапасыз және қауіпті деп танылған ойыншықтардың үлесі 47%-дан 8%-ға төмендетілді. Бұл дегеніміз шетелден келетін ойыншықтар көлемінің азайғанын көрсетеді.  Жалпы еліміздегі балалар ойыншықтарының 99% шетелден әкелінеді, оның көбісі Қытай, Түркия, Украина, Белорусь елдерінен, қалған 1% өзімізден шығады", — деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, бас санитардың айтуынша тұрмыстық химия тауарлары, балалар мен жөсөспірімдерге арналған өнімдер, жиһаз, косметика және темекі өнімдеріне тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесінде тұтыну талаптарына сәйкес келмейтін тауарлардың үлесі 21,4% құраған. Ол бойынша 677 іс қозғалып, 151 сот үкімі шығарылды, одан бөлек, 19,6 тоннадан астам өнім сатудан алынып тасталды. Жалпы сомасы 56 млн теңгеден астам айыппұл салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе артық (2017 жылы 24,6 млн теңге).

"Жалпы жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде тұтынуға сәйкес келмейтін тауар мөлшерінің серпінді төмендеуі байқалады. Оған дәлел соңғы үш жылда сапасыз деп танылған тауарлардың үлесі 30%-дан 13,4%-ға төмендеді", — деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу