Білім беру жүйесінде инноваторлардың қатары көбейеді

873

Мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары соңғы 2 жылда қолданысқа 600-ден астам жаңа және 100-ге жуық инновациялық білім беру бағдарламасын енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Білім беру жүйесінде инноваторлардың қатары көбейеді

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің дерегінше, жаңа білім беру бағдарламасының 20%-ын – педагогикалық ғылымдар, 18%-ын – бизнес, басқару және құқық, 16%-ын – инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы қамтиды. 

"Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарының барлық жаңа және инновациялық бағдарламасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының тізіліміне енгізілген. Бұл жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талабына сәйкестігін растайды. Қазір біз білім беру сапасына деген сұранысты күшейтіп жатырмыз. Жаңа бағдарламалар жұмыс берушілермен бірлесіп, мамандарға қойылатын талап пен сұранысты ескере отырып әзірленген", – деді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары "Киберпедагогика", "Цифрлық аналитикалық білім беру жүйесін жобалау", "Жасанды интеллект технологиясы", "Ұшатын аппараттардың ұшу динамикасы және қозғалысын басқару", "Медициналық инжиниринг" және басқа да инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша маман даярлайды. Мәселен, Қарағанды техникалық университетінде 2019 жылдан бастап 7 жаңа білім беру бағдарламасы бойынша шәкірт тәрбиелеп жатыр. Ал Павлодардағы С.Торайғыров университетінде Computer Science инновациялық жаңа факультеті құрылды. Мұнда студенттер киберқауіпсіздік, бағдарламалық инженерия, веб-әзірлеу, DevOps-инженерия, графика жасау бағытындағы білімді игереді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу