Қазақстанда халықтың алтыдан бірі ақпараттық технологияларға әлі күнге теріс қарайтыны анықталды, деп хабарлайды abctv.kz.
Сонымен бірге, смартфондарды қолдана білмейтін, компьютерде тіпті қаріпті де тере алмайтын қазақстандықтардың саны жыл өткен сайын қарқынды төмендеп келеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі баяндады.
Ел үкіметі көптеген жылдар бойы ең көп мемлекеттік қаражат жұмсайтын бағыттардың бірі "білім беру және сауатсыздықты жою жүйесі" болып табылады.
"Халықтың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін және еңбек нарығының талаптарына сәйкес жаңа дағдыларды алуға мүмкіндік беретін маңызды факторлардың бірі компьютерлік сауаттылық болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технология саласында дағдылары жоқ халық үлесінің жыл сайын біртіндеп қысқаруы байқалады. Тек соңғы 3 жылда олардың үлесі 2015 жылы 22%-дан 2017 жылы 16,3%-ға дейін төмендеді. Педагогикалық мақсатта жалпы білім беретін мектептердің компьютерлермен қамтамасыз етілуі 2017 жылы 98,5%-ға жетті. Ал соның ішінде Интернет желісіне мектептердің жалпы санының 85,8%-ы қосылған", – деп мәлім етті ұлттық экономика министрлігі.
Осы орайда Біріккен Ұлттар ұйымы қазақ елін "сауатты ұлт" деп таныпты. Өйткені PISA және TIMSS ұйымдарының халықаралық қазақстандық оқушылардың сауаттылық деңгейі бойынша зерттеулері жақсы нәтижелер көрсетуде. Мысалы, PISA қорытындылары бойынша "сауаттылық пен есептеу дағдыларына қол жеткізген балалар мен мектеп түлектерінің үлесі" Қазақстанда 98%-ды құрайды.
Қазақстан бұл ретте жас ұрпақтың бөбек кезінен сауатын ашуға баса мән беруде. Нәтижесінде, 2017 жылдың қорытындылары бойынша елімізде жасөскіндердің 90,4%-ы мектепке дейінгі балалар мекемелерінің желісінде, балабақшаларда оқумен қамтылған.