БҰҰ: Нигерияның солтүстігінде 75 мыңдай бала ашқұрсақ

1086

БҰҰ: Нигерияның солтүстігінде 75 мыңдай бала ашқұрсақ

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында алдағы бірнеше айда 75 мыңдай бала аштықтан көз жұмуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ мәлімдеді. Ұйым аталған елде туындаған гуманитарлық дағдарысты өз бетінше шеше алмайтындығын айтып отыр, деп хабарлайды Би-би-си. БҰҰ-ның гуманитарлық бағдарламасының үйлестіруші Петер Лундбергтің мәлімдеуінше, күні кеше ғана "Боко Харам" экстремистік тобы билеп-төстеген аймақта 14 млн-ға жуық адам көмекке зәру. Олардың 400 мыңға жуығы – жасөспірім. Нигерияның солтүстік-шығысында жихадшылар мен үкімет әскері арасында жеті жылға ұласқан жанжалда он мыңдаған адам көз жұмып, екі миллиондай жергілікті тұрғын босып кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу