Оның былай шүйлігуінің басты себебі – қаладағы жылу электр орталығын көмірден газға көшіру жұмыстарының баяу жүргізілуі. Айтуынша, бұл мәселе көп жылдан бері қордаланып, шешімін таппай келеді. Жаңа ЖЭО-ның салынуына 300 млрд теңге қарастыру да сан сауал тудырады. Бұл ретте ол жаңа орталық салмай, бар нысанды көмірден газға көшіру тиімді болар еді деп есептейді.
"Сарапшылар, экологтар мен белсенділер екінші жылу электр орталығын көмірден газға көшіруді ұсынды. Бұл заманауи технологияларды пайдалана отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тарифтік төлемдерді айтарлықтай өсірмеуге және экологиялық жағдайды тезірек жақсартуға мүмкіндік береді. Алайда аталған ұсыныс ғылыми-техникалық жағынан талданбаған. Осыған байланысты үкіметтің өте қымбат, ұзақ мерзімді, соның ішінде шетел валютасындағы несиелер тартылатын жобаны іске асыруына қала тұрғындары күмәнмен қарайды", – деді Платонов.
Депутаттық сауалын қорытындылай келе мәжілісмен бірнеше ұсынысын ортаға салды.
"Құзырлы органға ЖЭО-2-ні газға ауыстырудың арнайы техникалық шарттарын бекітуді тапсыру керек. Алматыда жаңа жылу электр орталығын салу қаншалықты орынды, мұны қайта қарастыру қажет. Оның негіздемесін Мәжіліске және ел жұртшылығына таныстыру керек", – деді спикер.