Екі күн ішінде 50-ге жуық интернет-алаяқтық тіркелген

1961

Интернет желісін алаяқтық мақсатында пайдаланып жасалатын құқықбұзушылықтардың саны өсуде. 

Екі күн ішінде 50-ге жуық интернет-алаяқтық тіркелген

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу және ашу, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз даярлайтын, көбейтетін және тарататын адамдарды анықтау үшін "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді, деп хабарлайды ІІМ криминалдық полиция департаменті.

Екі күндік операция жүргізу барысында осындай 104 құқық бұзушылық, оның ішінде интернет- пайдаланушыларға қатысты 46 алаяқтық, 18 авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу, ақпараттандыру және байланыс саласында 13 құқық бұзушылық, 12 ІТ-технологияларды пайдалана отырып жасалған ұрлық, 9 порнографияны және  арнайы техникалық құралдардарды таратудың  6 фактісі анықталды.

Полициямен еркін айналымда тыйым салынған мыңнан аса өнім алынды, операцияға даярлық барысында бұрын жасалған 140 интернет-алаяқтық ашылды.

Мәселен, Алматы қаласында Жамбыл облысының тумасы ұсталды. Ол сауда интернет-алаңдарында автобөлшектерді сату және жеткізу туралы жалған жарнамалар орналастырып, ақшаны банктік карточкалармен алып, кейін жарнамаларды жойған және абоненттік нөмірін ажыратқан. Қазіргі уақытта оның дәл осындай 10-нан аса алаяқтық жасағаны дәлелденді.

Кейінгі жылдары интернет желісін алаяқтық мақсатында пайдалана отырып жасалатын құқықбұзушылықтардың саны өсуде. Адамдарды алдау үшін алаяқтар әлеуметтік желілерді, сауда интернет-алаңдарын пайдаланады, жалған интернет-дүкендер, "фейктік" (жалған) парақшалар және сайттар құрады.

Осыған байланысты, ІІМ қауіпсіздік шараларын еске салады.

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу және ашу бойынша жұмыс жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу