Экологтар Үстірт ақбөкенін сақтап қалуға шақырады

793

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында Үстірт ақбөкенін сақтау жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмысы басталды. Өйткені ақбөкендерді көптеп аулаудың салдарынан олардың саны күрт азайып кеткен. 

Экологтар Үстірт ақбөкенін сақтап қалуға шақырады Фото: google

"Үстірт ақбөкендерінің саны қайбір жылдары 270 мыңға жетті, ал бүгінде соның 10% ғана құрайды. Маусымдық көші-қоны кезінде түз жануарлары үш елдің Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстанның аумағын қамтыған еді. Саны қалпына келгеннен соң ақбөкен өзінің бұрынғы кең мекендеу ортасына қайта оралатынына сенімдімін",- деді эколог Әділбек Қозыбақов.

Ақбөкендердің көші-қон дәлізінде тұратын жергілікті тұрғындар 90-жылдары ет үшін де, мүйіздері үшін де аяусыз аулады. Олар контрабандалық жолмен Қытайға жеткізілді. Өнімге медицина тарапынан әрқашан жоғары сұраныс жоғары. Бірақ бүгінде адамдар заңсыз аң аулауды тоқтатып, браконьерлерді әшкерелеуге көмектессе, болашақта халық ақбөкендерді құнды ресурс ретінде пайдалана алатыны атап өтілді. Мәселен, экологиялық туризмді дамыту және ілеспе қызмет көрсету қажет. Осы тұста мемлекет тарапынан да қатаң бақылау керек.

Отырыс барысында Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Бейнеу және Сам мемлекеттік мекемелерінің, Бейнеу аудандық және Тұрыш ауылдық әкімдіктерінің өкілдері жобаны іске асыру жоспарын жан-жақты қарап, мақұлдады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу