2017 жылғы 9-10 наурыз аралығында "2017 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі шарттарындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-нің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбындағы "Көктем 2017" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-жаттығуға республикалық азаматтық қорғау қызметтері – орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары – ТЖ-ның алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар, облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу