АЭФ аясында күн электр стансасын салуға келісім жасалды

741

АЭФ аясында күн электр стансасын салуға келісім жасалды

АЭФ аясында өткен "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының" тұсаукесері өтті, деп хабарлайды abctv.kz.
Тұсаукесерде үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев сөз сөйледі.  
Таныстырылым барысында орталықтың жасыл технологияларды дамыту саласындағы негізгі мақсаттары мен басты жобалары аталды. Мәселен, жасыл жобалар көмегімен Қазақстанның ЖІӨ-сінің қуат шығындау көлемін 2020 жылға қарай 25%-ға, 2030 жылы 30%-ға, 2050 жылға қарай тағы 50%-ға азайту көзделуде. Күн, жел және басқа да баламалы қуат көздерінен алынатын электр энергиясының үлесі қазіргі 1 пайыздан 2020 жылға қарай 3 пайызға, ал 2030 жылы 30 пайызға дейін жеткізу көзделуде. 

Осы мақсатта АЭФ аясында Еуропа қайта құру және даму банкі мен "Байқоңыр Солар" компаниясы арасында Қызылорда облысында қуаты 50 МВт болатын "Байқоңыр күн электр стансасын салу жобасын қолдау және ынтымақтастық туралы келісімге" қол қойылды. Оның аясында жобаға еуропалық қаржылық ұйым теңгемен 30 миллион доллар көлемінде кредит бөледі. Жобаның жүзеге асуына ҚР энергетика министрлігі бас-көз болмақ.

Бұған қоса, таза технологиялар қоры да жобаны 10,4 миллион долларға несиелендіреді. Бұл қаржыға космодром орналасқан өңірде 50 мегаваттық стационарлы күн электр стансасы мен жаңа подстанса тұрғызылады. Жоба өңірдегі көмірқышқыл газының жыл сайынғы ауаға шығарындыларын 75 мың тоннаға кемітпек.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу