Ғұламалар кеңесі ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесін қабылдады

1604

Ғұламалар кеңесі ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесін қабылдады

Бүгін Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің мәжілісінде ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі талқыланып, бір ауыздан бекітілді. Бұл туралы ақпаратты ҚМДБ баспасөз қызметі таратты.

Ереже мәтінімен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов және Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев таныстырды.

Ережеде мешітке келушінің негізгі құқықтары, мешітте жасауға тыйым салынған әрекеттер, мешітке келушінің міндеттері жеке бөлім ретінде қамтылған. Сонымен бірге, ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі дін қызметкерлері мен мешітке келушілерге байланысты басқа да мәселелерді қадағалайды.

"Осы ереже Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерінің ішкі тәртіп ережелерін анықтайтын негізгі нормативті акт. Ереже Қазақстан Республикасының "Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа да заңнамаларының нормаларына, инструктивті құжаттарына және еңбекті ұйымдастыру саласындағы нормативтік актілерге, сонымен қатар ҚМДБ Жарғысына сәйкес дайындалды. Мешітке келуші әр адамның негізгі құқықтары мен міндеттерін анықтауды, діни сенім бостандығы құқығын қорғауды, сондай-ақ діни қызметке байланысты басқа да мәселелерді реттеуді, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазхабының тарихи рөлін мойындауды, Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеуді негізге алады", – делінген ережеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу