КамАЗ өнімінің Қазақстанға экспорты 61,1%-ға төмендеді

1084

КамАЗ өнімінің Қазақстанға экспорты 61,1%-ға төмендеді

КамАЗ Оңтүстік-Батыс Азия мен Африкадан жаңа нарықтар іздестіру жұмысын жандандыратынын мәлімдеді. Олар бұл қадамға ТМД елдерінде автозауыттың өніміне сұраныс күрт төмендеп кеткендіктен барғалы отыр. 2016  жылдың тоғыз айында аталмыш нарықтағы КамАЗ-дың саудасы  екі есеге құлдырады, деп жазады РБК. Компанияның тоқсандық есебіне бойынша, 2016 жылғы қаңтар-қазанда ол 3328 автотехника мен құрастыратын бөлшектер жиынтығын (ҚБЖ) экспорттаған, бұл 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,15%-ға төмен.

Сондай-ақ автотехника экспортының жалпы үлесінде осы брендтің үлесі азая бастаған. КамАЗ ТМД нарығынан айырыла бастады: 2016 жылдың тоғыз айында аталмыш нарыққа 1343 автомобиль мен ҚБЖ  жеткізген, бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 48% аз. КамАЗ өнімі экспортының жалпы көлемінде ТМД елдерінің үлесі 69,7-ден 40,4%-ға дейін құлдырады. Қазақстанда да айтарлықтай төмендеу бар: компанияның дерегі бойынша, Қазақстанға  автотехника экспорттау 61,1%-ға азайған. ТМД-ның өзге елдерінде де осындай көрініс байқалған. КамАЗ экспортының төмендеуіне ТМД елдеріндегі  экономикалық дағдарыс себеп болып отыр делінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу