Қазақстан Израильдің Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда аймағы аясында ынтымақтасу ниетін құптайды, деп мәлім етті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
"Израиль Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда аймағына қатысуға мүдделі. Төрағалық етуші ұйым ретінде Қазақстан қолдайды", – деп мәлім етті ол сәрсенбі күні Астанада Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен келіссөздің қорытындысы бойынша бірлесе жасаған мәлімдемесінде, деп жазады "Интерфакс-Казахстан".
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу