Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы өзара тауар айналымы 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 9 260,3 млн долларды құрады. Бұл туралы статистика комитетіне сілтеме жасап 7kun.kz хабарлады.
Көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 26,4 пайызға көп. Экспорт көрсеткіші 2749, 8 млн долларды құраса, импорт 6510,5 млн долларды құрады.
ҚР экспорт құрылымында минералды өнім, метал мен бұйымдар, өнеркәсіптік химия өнімдері мен дайын өндірістік тауарлар бар.
ЕАЭО елдерінен көлік пен қондырғы, химия өнімдері, минералды заттар мен дайын өндірістік тауарлар, метал мен метал өнімдері жеткізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу