Қазақстандықтар бір айда шетелге 38 млрд теңге аударған

984

Қазақстандықтар бір айда шетелге 38 млрд теңге аударған

Осы жылдың қазан айында қазақстандықтар шетелге 38 млрд теңгеге ақша аударымдарын жасаған. Бұл қыркүйек айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,1%-ға аз болғанымен, өткен жылмен салыстырғанда 7,4%-ға артық, деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасаған 7kun.kz.

Бір ай ішінде транзакциялар саны 0,9%-ға немесе 201 мыңға азайған. Аударымдардың орташа көлемі 189 мың теңгені құрады. Ал қыркүйекте бір транзакция бойынша аударым 190 мың теңгені, бір жыл бұрын 176 мың теңгені құрады.

Қаржы аударымдарының ең көп бөлігі "Золотая корона" жүйесі (15,6 млрд теңге) арқылы жасалған. Бір айда аударым көлемі 1,4%-ға азайған. Екінші орында - 7,1 млрд теңгемен "Western Union". Бұл жүйе арқылы аударым бір айда 4,5%-ға төмендеген. Сондай-ақ, "Юнистрим" арқылы 4,7 млрд теңге аударым жасалған.

Сондай-ақ транзакциялар саны бойынша да "Золотая Корона" (85,7 мың) жүйесі бірінші орында. Одан кейін "Юнистрим" (27,9 мың) және "Блиц" (24,4 мың) тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу