Қазақстандықтар кәдеге жаратуға арналған автомобильді өз бетінше бағалай алады

1142

Қазақстандықтар кәдеге жаратуға арналған автомобильді өз бетінше бағалай алады

2016 жылғы 21 қарашада Қазақстанның 17 қаласында Өндірушілердің (импорттаушылар) кеңейтілген міндеттерінің операторы – (ӨКМ) ескі автомобильдерді өтеуін төлеп сатып алу жөніндегі бағдарламаны іске қосады. Бұл туралы  компанияда өткен брифинг барысында "ӨКМ операторы" ЖШС басқарушы директоры Рустам Темірбек мәлім етті, деп жазады strategy2050.kz.

Бағдарламаға М1 категориясына жататын көлік құралдарының, яғни салмағы 3,5 тоннадан немесе жеті отырғызу орнынан аспайтын жеңіл автомобильдердің иелері қатыса алады. Көлік иесі көлік құралын одан әрі кәдеге жаратуға тапсырып, оның орнына ақшалай өтемақы ала алады.

Жобаны іске асыру аясында автокөлік құралын қашықтықтан бағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ ӨКМ операторының бас кеңсесі мен жинау пункттері арасында электрондық құжат айналым жүргізуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйе әзірленген.

"Кәдеге жарату төлемінің" мөлшері екі кіші категория бойынша қалыптасады: жиынтығы толық - 150 мың теңге және жүрмейтін автомобильдер, бұл ретте шанағы, есігі, қозғалтқышы бар - 48 мың теңге.

Директордың айтуы бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанның 17 өңірінде пайдаланудан шыққан көлік құралдарын (ПШКҚ) жинау пункттерін материалдық-техникалық жарақтандыру жүргізіліп жатыр.

"Бағдарламаның іске қосылуы экологиялық емес және қауіпсіз емес көлік құралдарының санын қысқартуға бағытталған", – деді Р. Темірбек.

ҚР Энергетика министрлігі жобаны іске асыру үшін 2016 жылдың соңына дейін 10 мың автомобильді өтеуін төлеп сатып алуға квота бөлгені атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу