Коронавирус: ІІМ әуежайлар мен темір жол вокзалдарында тексерісті күшейтті

817

Ішкі істер министрлігі жалған ПТР-анықтамасы мен вакцина төлқұжатын (паспорт) анықтау бойынша жұмысты күшейтті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Коронавирус: ІІМ әуежайлар мен темір жол вокзалдарында тексерісті күшейтті

Осыған дейін Мемлекет басшысы бұл саладағы жұмысты күшейтуді тапсырған.
Жыл басынан бері ІІМ жалған ПТР-тесті бойынша 45 қылмыстық іс, вакцина төлқұжатын пайдалану және сату бойынша 35 қылмыстық іс қозғаған.

Ішкі істер министрлігі еліміздегі әуежайлар мен темір жол вокзалдарында тұрғындардың коронавирусты жұқтыру-жұқтырмау мәртебесін "Ashyq" қосымшасы арқылы тексеру, жалған ПТР-тестін және вакцина төлқұжатының шынайылығын тексеруді күшейтті.

Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекеевтің айтуынша, Алматыдағы халықаралық әуежайда көлік полицейлері әуежай қызметкерлерімен бірлесіп, жалған ПТР-анықтамасын бейтаныс адамнан сатып алған жігіт пен қызды анықтады. Олар Түркияда демалуды жоспарлаған. 

"Сондай-ақ жалған ПТР-тест анықтамасын пайдаланған Шымкент тұрғыны ұсталды. Ол Беларуське ұшпақ болған. Ұсталған адамдар ұшаққа жіберілген жоқ. Бұл фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 385-бабы 3-бөлігі бойынша ("Жалған құжатты пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – деді Оңал Бекеев.
Айта кетейік, ІІМ жалған құжат жасағандар 4 жылға дейнгі бас бостандығынан айырылатынын, оны пайдаланғандар 40 тәулікке қамауға алынатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу