ҚР мен ҚХР Ляньюньган терминалы "Қорғас-Шығыс қақпасы" құрғақ порты көлік желісімен жүк ағынын арттырмақ

1145

 ҚР мен ҚХР Ляньюньган терминалы "Қорғас-Шығыс қақпасы" құрғақ порты көлік желісімен жүк ағынын арттырмақ

ҚР мен ҚХР Ляньюньган терминалы "Қорғас-Шығыс қақпасы" құрғақ порты көлік желісімен жүк ағынын арттырмақ, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Ляньюньган (ҚХР) қаласы халық үкіметінің Сян Сюэлун басқарған  делегациясы мүшелерімен кездесті.

 Кездесуде Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай логистикалық терминалымен серіктестікті дамыту жайы талқыланды.

Жақында ҚР мен ҚХР жетекшілері Ляньюньган портынан Қазақстан аумағы арқылы Орта Азияға, Түркияға алғашқы контейнерлік пойызды жіберді. Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелі арқылы Орталық Азиядан Чендуға контейнерлік пойыз жөнелтілді.

"Ляньюньган портында логистикалық және сауда платформасын жасақтау Қазақстан, Орталық Азия, Парсы шығанағы елдері, Түркия, Еуропаға бағытталған жүк ағынын дамытуға ықпал етеді", -  деп атап өтті Қ. Алпысбаев. Ол Ляньюньган порты терминалы мен Құрғақ порт арқылы бірлесіп жүк ағынын ұлғайту бойынша ұсыныстарын жеткізді. 

Ляньюньган портының әлеуетін пайдалана отырып, теңіз жолдарымен тасымалданатын жүктерді құрлыққа бағыттап, автокөлік, теміржол инфрақұрылымдарын пайдалану қарастырылды.

Тараптар "Құрғақ порт" жобасы аясындағы серіктестікті дамыта отырып, оған Ляньюньган портын қатыстырып, COSCO Shipping CO Ltd компаниясы мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ әлеуетін пайдалану көзделеді.

"Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА аумағында инвестицияға қолайлы жағдай жасалған. Оның ішінде салықтық жеңілдіктер, дайын инфрақұрылым және жобаны қолдаудың қызмет түрлері ұсынылады.

Цзянсу провинциясы халық үкіметінің вице-губернаторы Чэн Чженнинмен кездесуде "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Цзянсу провинциясының халық үкіметі арасындағы "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА индустриальдық аймағы мен логистикалық дамытуының нобайлы шартын жүзеге асыру жайы қаралды.  Бұл құжатқа 2015 жылы тамызда екі елдің Мемлекет басшылары ресми кездесуінде қол қойған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу