Қаржы, әсіресе, мал шаруашылығына көп бөлінді. Мәселен, осы жылы 320 шаруа қожалығы 685 млн теңге көлемінде субсидия алған.
“Мал азығына кеткен шығынды өтеу мақсатында биыл Үкімет резервінен бөлінген 540 млн теңгеге 418 шаруа қожалыққа және 3 830 жеке қосалқы шаруашылығына көмек көрсетілді”, - дейді облыс әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай.
Өңірді қысқы мезгілге мал азығымен толық қамтамасыз ету үшін мал санына қарай 78 000 тонна шөп және 23 800 тонна жем қажет. Күні бүгінге шөп 71 127 тонна жиналған. Яғни, жоспардың 91%-і орындалды. Ал, жем 22 мың тоннадай болды.
Өңірде болған қуаңшылық жағдайдан кейін көпжылдық екпелі шөптерді өсіру мен жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында 3 инновациялық жоба жүзеге аса бастады.
Келесі жылы тамшылата суару жүйесін пайдалана отырып, егістік алқабын 1250 га егу арқылы 25 000 тонна өнім алу жоспарланып отыр.