Маңғыстауда малға кене қаптады

1648

Маңғыстау облысында қуаңшылықтан қиналған малдға енді кене қаптады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.   

 Маңғыстауда малға кене қаптады

"Боржақты" жеріндегі 20 шаруа қожалығы кенеден зардап шегіп отыр. Мал баққан шаруалар жәндікті өз күштерімен залалсыздандыруға мәжбүр. Өйткені ветеринар мамандардан көмек жоқ. Кейбір шаруа қожалықтарының улы кене талаған малы өліп қалған. Енді олар қалған үй жануарларына да жұғып, қырылып қала ма деп қауіптенеді.

"Бес ботаның өлген себебі - кененің кесірі. Қазір "жығылғанға жұдырық" деп кене де қаптап кетті. Екі-үш күн сайын кенені улаймыз. Бәрібір жәндік азаймай тұр. Кене неден шығады? Кене мына жердің жамандығына байланысты болады.Құрғақшылықтан пайда болады кене. Сосын оның үстіне мал да арық, бұлар инфекция алғыш бойына. Кене де сол арық малға жабысады", - дейді шаруа Бердіхан Әленов.

Ал, Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы болса, кененің қаптауы мал қораны механикалық тазаламау, дезинфекцияламау және паразиттерге қарсы егілмеуден  болады дейді. Ветеринарлар аса қауіпті жұқпалы ауруларға ғана екпе жасайды. Ал кенелер немесе басқа да паразиттерге қарсы жұмыстар жүргізу олардың құзырына жатпайтын көрінеді. Демек әр шаруа мәселемен өздері ғана күресуі тиіс.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу