Несиеңіздің кешірілетінін қалай біле аласыз

6845

Inbusiness.kz халық тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың жауабын ұсынуға тырысты.

Несиеңіздің кешірілетінін қалай біле аласыз

Сіздің несиеңіз кешіріле ме? Оны қайдан білуге болады? Бұны білу өте оңай. Еnbek.kz сайтына өтіңіз. Белгіленген араға ЖСН енгізіп, тексеріңіз. Сізге сол заматта жауабы беріледі.

Дегенмен, борышы жеңілдейтін санатқа жататын азаматқа қатысты мәлімет кейде порталдан табылмауы мүмкін. Бұл жағдайда не істеу керектігіне еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова жауап берді.

Еске сала кетсек, осы жылдың жазында – 26 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

"Мемлекет басшысы ретінде, мен қарыз құрдымынан шыға алмай жатқан азаматтарымыздың жағдайына бей-жай қарай алмаймын. Сондықтан мен бұрын-соңды болмаған теңдессіз әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдадым: Үкіметке бір реттік акция ретінде келесі шараларды қабылдауды жүктедім және тиісті Жарлыққа қол қойдым. Басты мақсат – қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу, оларға өздерінің отбасыларының қаржылық ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беру", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл жаңалық мойнына қарыз арқалаған қазақстандықтарды елең еткізбей қоймады. Несиені тіпті мұраға қалдырып жүрген отандастарымыздың кеудесінде бір үміт, бір күдік туып, банктерге қоңырауларды көбейтті.

Ең алдымен Президент Жарлығын іске асыру үшін қаражат қайдан алынады деген заңды сауалға қаржы министрі Әлихан Смайылов жауап берген. Ал қазақстандықтардың екінші деңгейлі банктердегі қарызының қашан қайтарылатынын Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтқан болатын.

Аталмыш амнистияға іліккендердің тағы бір сауалы, "бұдан кейін банктердің қара тізімінде жүрмейміз бе?". Әлеуметтік желіде шу болған сұраққа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов нүкте қойды.

Айта кетсек, мемлекет бұл кешірулерден кейін кредит берудің шартын қатаңдатуды мықтап қолға алмақ. Енді кедейлерге несие беруге тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу