Өзбекстанда президент сайлауында дауыс беруге арналған учаскелер жабылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Сағат 19.00-дегі (Астана уақытымен 20.00) жағдай бойынша сайлаушылардың 86,62 пайызы немесе 17,69 миллион адам дауыс берген. Сайлаушылардың келу көрсеткіші 33 пайыздан асқандықтан, сайлау өтті деп танылды
"Дауыс беру аяқталды, учаскелік комиссиялардың мүшелері дауыстарды санап жатыр. Қазіргі таңда заң бұзушылықтар тіркелген жоқ", – деді Өзбекстанның ОСК төрағасының орынбасары Комилжан Адилов.
Сайлаушылардың сайлауға қатысуы бойынша қорытынды мәліметтер сағат 22.00-де (Астана уақытымен 23.00) жарияланады. Сайлаудың алғашқы алдын ала жасалған қорытындысы 5 желтоқсанда мәлімделмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу