Полицейлер республикалық "Мектепке жол" акциясын қолдады

864

Полицейлер республикалық "Мектепке жол" акциясын  қолдады

Ақтөбелік полицейлер бір күндік еңбекақыларын жетімдерге аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық ІІД жеке құрамы бір күндік жалақына аударып, балаларды білім күніне дайындады. Барлығы 5,5 миллион теңге жиналып, қаржының 4 миллион теңгесі Алға және Жайсаң балалар үйінің есебіне аударылып, 1,5 миллион теңгесі кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталығына берілді.

Ақтөбе облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Арыстанғани Заппаров жаңа оқу жылына сәттілік тілей отырып, оқушылардың болашақта еліміздің лайықты азаматы болатынына сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу