Ресейдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ақпарат көзі Ресей мен Қазақстан арасында Ембі полигонын пайдалану және жалға алу талаптары туралы тараптар шартының күшін жою туралы хаттамаға қол қойғанын хабарлады.
Life.ru ақпараттық сайтына Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антонов мәлім еткендей, үстіміздегі жылғы қазанның 20-сында С.Шойгу Қазақстан аумағында орналасқан Ембі полигонын пайдалану және жалға алу талаптары туралы шартының күшін жою туралы ресей-қазақстан мемлекетаралық хаттамасына қол қойған.
Сондай-ақ құжат Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасынан жалға алып отырған сынақ полигондарындағы жер учаскелерін оңтайландыру туралы Ресей мен Қазақстан президенттерінің уағдаластығын одан әрі іске асыру мақсатында әзірленгені де айтылып отыр.