Шығыс Қазақстанда "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 29 жоба қолға алынды. Бұл үшін қазынадан 12,5 млрд теңге бөлінді.
Бағдарлама үш бағытта жүзеге аспақ. Бірінші бағыт бойынша өңірде 5 мектеп салынады. Оның екеуі Семейдің Бобровка ауылында және Шемонаиха ауданындағы Жоғарғы Уба елді мекенінде, тағы екі мектеп Аягөз ауданында бой көтереді.
Екінші бағытта Семей, Өскемен, сондай-ақ жекелеген елдімекендерде су құбырларына жөндеу жұмысы жүргізіледі. Үшінші бағыт, яғни ТКШ нысандарын жаңғыртуға 5800 млн теңгенің 11 жобасы қарастырылып отыр. Бүгінде алғашқы тоқсанға жоспарланған қаражат толық игерілді.
"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасымен бірінші тоқсанға 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. Ақша толық игерілді. Жылдың аяғына дейін белгіленген нысандардың бәрі жоспар бойынша уақтылы аяқталады деп сеніп отырмыз", – дейді облыстық қаржы басқармасының басшысы Ләзиза Кенжетаева.