Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның премьер-министрі болды

990

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның премьер-министрі болды

Қырғыз Республикасы премьер-министрінің міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбеков жаңа коалициялық үкімет құрамында өз орынтағын сақтайды және осылайша елдің 28-ші премьер-министрі атанады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Депутаттар жаңа министрлер кабинетінің  құрамын бекіткеннен кейін Жээнбеков депутаттарға сенім білдіргені үшін алғыс білдірді және барлық ескертулер мен ұсыныстарды ескеруге уәде берді. "Екінші рет менің кандидатурамды қолдап отырғандарыңызға алғыс білдіремін, үкіметтің бағдарламасы бойынша барлық ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді ескеруге уәде беремін", – деп атап өтті ол. Жээнбеков өзінің командасы парламенттің сенімін ақтауға тырысатынын айтты. Еске салсақ, ҚСДП, "Ата Мекен", "Онугуу-Прогресс", "Қырғызстан" фракциялары кіретін көпшілік каолициясы құлағаннан кейін ҚР Президентінің жарлығымен үкімет отставкаға жіберілген болатын Парламентте ҚСДП, "Бир Бол", "Қырғызстан" фракциялары кіретін жаңа каолиция құрылды. Бүгін парламент премьер-министр С. Жээнбековтің басшылығымен ҚР үкіметінің жаңа құрамын бекітті. Жээнбеков үкіметінің бұрынғы құрамы 2016 жылғы 13 сәуірде бекітілді және небәрі 7 ай жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу