Ұлттық банк шетелге алтын құймаларын сатады

2456

Экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайында валюта нарығындағы да, бағалы қағаздар нарығындағы да құбылмалылықтан қорғаныш ретінде алтын мен бағалы металдардың рөлі артады.   

Ұлттық банк шетелге алтын құймаларын сатады

Қазақстан Ұлттық банкі әлемдік нарықтарда отандық құймалардың танымалдылығын арттыру мақсатында жақын арада құймалардың аздаған көлемін шет елге сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

2018 жылдың басынан бері алтынның әлемдік биржалардағы баға белгіленімі шамамен 8%-ға түсті. АҚШ ФРЖ мөлшерлемелерінің өсуі және АҚШ экономикасы бойынша оң деректердің шығуы нәтижесінде АҚШ долларының нығаюы алтын бағасының төмендеуінің негізгі факторы болды.

Алайда бірқатар елге қарсы экономикалық санкциялардан және сауда шектеулерінен туындаған күрделі геосаяси ая нарықтардың өзгермелілігін арттырып, инвесторлардың неғұрлым қауіпсіз активтерді іздестіруіне ықпал етеді.

Экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайында валюта нарығындағы да, бағалы қағаздар нарығындағы да құбылмалылықтан қорғаныш ретінде алтын мен бағалы металдардың рөлі артады. Орталық банктер алтынының қорлары ұзақ мерзімді перспективада сақталу, өтімді болу және кірісті болу сипаттары бар сақтандыру активтері ретінде болады.

Әлемдік орталық банктердің алтынның нақты көлемдерін арттыруды тездету процесі дағдарыстан кейінгі 2009 жылы басталды. Соңғы 5 жылда алтынмен жинақталған резервтер көптеген дамушы елдерде байқалады. Осы кезеңде алтынды неғұрлым белсенді сатып алушылар Ресей, Түркия, Қытай және Қазақстан орталық банктері болды.

Алтынның нақты көлемінің 2011 – 2017 жылдар аралығындағы өсу қарқыны бойынша неғұрлым белсенді сатып алушылардың арасында Қазақстан көшбасшы болып отыр (салыстырмалы түрде ұлғаю). Алайда абсолюттік көрсеткіш бойынша осы кезеңде тазартылған алтынды Ресей (6 жылда +956 тонна) және Қытай (осындай кезеңде +789 тонна) барлығынан көп сатып алды, Қазақстан 2011 жылдан бері шамамен 219 тонна алтын сатып алды.

Қазақстан Ұлттық банкі отандық өндірушілерден тазартылған алтынды сатып алуға берілген басым құқығын іске асырады. Алтынды сатып алудан туындайтын өтімділіктің ақша базасындағы үлесінің аздығына қарамастан, бұл елдің экономикалық белсенділігін ынталандыратын фактор болып табылады.

2018 жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық банкі отандық өндірушілерден 33 тоннаға жуық тазартылған алтынды сатып алды.

Қазіргі кезде Қазақстан 2018 жылы Сауд Арабиясын басып озып, алтын қоры бойынша әлемде 15 орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу