WBC Головкинді "Канелоға" міндетті қарсылас етіп тағайындады

711

Ұйым міндетті қарсылас болған америкалықты ысырып тастады.  

WBC Головкинді "Канелоға" міндетті қарсылас етіп тағайындады

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) WBC чемпиондығына үміткерлер тізіміне бірінші болып қойылды. Мұндай шешім Киевте өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) конвенциясында қабылданды, - деп хабарлайды ESPN Deportes.

Мұның алдында GGG промоутері Том Леффлер WBC конвенциясында қарымтадағы төрешілер шешімі әділетсіз болды деп есептейтіндіктен, Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) үшінші жекпе-жекке өтініш беретіндіктерін мәлімдеген еді. 

Головкиннің бірінші кезекке шығуы трилогияның мүмкіндіктерін арттырып отыр. Ал негізі "Канеломен" келесі жекпе-жекке WBC ұйымының "уақытша" чемпионы америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) бірінші тұрған еді. 

"Канело" Альварестің чемпион ретіндегі тағдыры 3 қазанда шешіледі, алайда, WBC президенті Маурисио Сулейман мексикалыққа атағын еркін қорғауға рұқсат беріп қойған. 

Альварес рингке 15 желтоқсанда оралмақ, мексикалықтың ықтимал қарсыласы канадалық Давид Лемье (40-4, 34 KO).
Ал Головкин биыл жұдырықтасуды жоспарлап отырған жоқ. GGG рингке тек 2019 жылдың көктемінде оралады.

Еске салайық, Головкин 15 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) қарымта өткізді. 12 раундқа созылған бұл жекпе-жекте төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жетті, ал головкин WBC, WBA (Super) және IBO белбеуінен айырылды.

Осылайша, Головкин карьерасында алғаш рет жеңілді. Жекпе-жектен кейін екі боксшы да үшінші рет жұдырықтасуға дайын екендерін мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу