Маңғыстау облысы Жетібай – Шертпе тас жолында бірнеше көлік соқтығысты. Оқиға орнында екі адам көз жұмып, 9 адам зардап шекті, оның ішінде нәресте де бар, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Оқиға кеше орын алған. Зардап шеккен 9 адам жедел жәрдем көлігімен Жетібай ауылдық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді, кейінірек олардың бесеуі облыстық ауруханаға ауыстырылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген ақпарат бойынша, қазір 1 адамның жағдайы аса ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Түрлі жарақат алған үш әйел ауруханада ем қабылдауда. Сондай-ақ, нәресте де дәрігерлердің бақылауында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу