Жөндеу ме, құрылыс па: Абай атындағы университет төңірегіндегі дау басылар емес

566

Банк өз тарапынан 26 миллион теңгені қайтару бойынша университетке талап қойыпты.

Жөндеу ме, құрылыс па: Абай атындағы университет төңірегіндегі дау басылар емес

"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі барлық жұмысты аяқтағанымызбен кепілге берілген ақшамызды қайтара алмай жүрміз". Кәсіпкерлер осылай деп шағымданады. Барлық мәселе былтыр басталыпты. 7 қабатты ғимараттың сметалық құжатында тек жөндеу жұмыстары деп көрсетілгенмен, компания құрылыс жұмыстарын жүргіздік, деп отыр. Ол аздай, жұмыстар тендер арқылы жүргізілгендіктен, кепілге қойылған ақшасын құрылыс компаниясы осы күнге дейін ала алмай жүр екен.

Адалдық туралы әдемі сөзді қабырғаларына жазып қойған университет басшылығы, адал атқарған еңбегімізді жоққа шығарды, дейді кәсіпкер. Өйткені, жұмыстың көлемі құжатта көрсетілгеннен де көп болыпты. Сондықтан, қосымша келісім жасасуға тура келген. Жөндеу жұмыстары тендерде көрсетілген уақытта бітпегендіктен университет сотқа жүгініпті. Сол уақытта білім ошағы кепілдік сомасын талап етіп алып алған.

"Тендерге қатысу үшін гарантия төлеп қоясың. Төлейтін ақшаң болмаса, банктен гарантия аласың. Жусан банкте 26 миллион ақшамыз мыналарға гарантия қойылған болатын. Сол ақшаны бұлар бізден заңсыз алып отыр ғой. Былтыр сот басталған уақытта. Сот болып жатқанда білесіздер, қаржылық әрекеттер жасауға болмайды", - дейді "Сұңқар" ЖШС директоры Алтынбек Табылғанов.  

Осының салдарынан 35 жыл нарықта жұмыс істеп келе жатқан компанияның қаңтардан бері қолы байланып, ешқандай тапсырыс қабылдай алмай отыр. Өйткені, барлық есеп-шот бұғатталған. Университет компанияны жауапсыз деп тану үшін сотқа беріпті. Екі сот та оны қанағаттандырмаған.

"Бізде кәсіпкерлерді қолдаудың орнына, оларды құртуды көдеп отыратындар бар. Бұл дұрыс емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтты емес, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмей, жағдай жасау керек, деп. Мемлекеттік мекемелердің тарапына айтылған ескертпелерді ешкім де естімейді", - дейді қорғаушы Гүлнәр Оспанова.

Ал, университеттің өз айтары бар. Сөздерінше, құрылыс компаниясы жұмысты толықтай аяқтамағандықтан-мыс, келісім-шарт бір жақты бұзылған. Сол себепті, кепілге қойылған қаражатты талап еткен. Айтуларынша, жұмыстың 3/2-сі ғана бітіпті. Университеттің келісім-шартты бір жақты бұзғанын заңсыз деп тану үшін құрылыс компаниясы да сотқа жүгінген екен.  

"Сот келісімшартты бір жақты бұзуға негіз бар деген шешім шығарды. Өйткені, жұмыстар құжатта көрсетілген бойынша атқарылмаған. Бұл шешім әлі күшіне енген жоқ. Бірақ, әлі сотқа қайта арызданбағандықтан оны заңды деп айтуға болады", - дейді заң кеңесшісі Александр Круглов.

Университет аппеляциялық сотқа қайта жүгінбекші. Өйткені, кей шешіммен келіспейді. Оған қоса, банк те өз тарапынан 26 миллион теңгені қайтару бойынша университетке талап қойыпты. Енді 1 айдың ішінде жоғары оқу орнының басшылығы кәсіпкерге тиесілі қаражатты қайтаруына тура келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу