"Барыс" хоккейшілері Ресейдегі жарыс кезінде тамақтан жаппай уланды

566

"Барыс" хоккейшілері Ресейдегі жарыс кезінде тамақтан жаппай уланды

Елордалық "Барыс" хоккей клубының жас спортшылары Челябідегі жарыс кезінде уланып қалды, деп хабарлайды vesti.kz.

2006 жылы туған 20 хоккейші, оның ішінде қазақстандық "Барыстың" және ресейлік "Авангард" және "Торос" командаларының жас өрендері қонақ үйдегі түскі астан кейін өздерін нашар сезініп, дәрігердің көмегіне жүгінген.

"Жарысқа келе жатқан жолда, пойызда, қақпашы мен бір хоккейші уланған. Алайда олар ауруын жасырған. Бір бөлмеге төрт бала жатқаннан соң ауру бірінен-біріне жұққан", – дейді "Виктория" қонақ үйінің өкілі.

Қазір хоккейшілердің басым бөлігі қонақ үйге қайтып оралды. "Барыс" клубы ойыншылардың жетпеуіне байланысты жарысқа қатысудан бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу