Алматыда "Газпром нефть" жанармай құю стансалары желісінде экологиялық Еуро-5 санатына сәйкес келетін октандық саны 98 бензині сатыла бастайды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
Компания өкілдерінің айтуынша, отын жанармай құю стансаларына "Газпром нефть" кәсіпорындарынан, атап айтқанда Еуро-5 санаттағы өнім шығаратын Омбы мұнай өңдеу зауытынан жеткізіледі.
"Аталмыш отын түрі жақын күндері Алматыдағы "Газпром нефть" компаниясының үш жанармай құю стансасында сатыла бастайды", – делінген мекеменің баспасөз хабарламасында.
"Газпром нефть Казахстан" – "Газпром нефть" компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылады. 2007 жылы құрылған ол, Омбы мұнай өңдеуші зауыты өндірген мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасымен айналысады. Аталған компанияның елімізде 75 жанармай құю стансасы бар.