"Халал Даму" JAKIM ұйымынан аккредиттеуден өтті

1043

"Халал Даму" ЖШС құрамына әлемнің 43 алпауыт мемлекеті кіретін халал сертификаттаумен айналысатын 75 мекеменің тізіміне енді. 

"Халал Даму" JAKIM ұйымынан аккредиттеуден өтті

Өнімдерді халал стандарттау және сертификаттаумен айналысатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы "Халал Даму" ЖШС Малайзияның исламды дамыту департаменті (JAKIM) ұйымынан аккредиттеуден өтті, деп хабарлайды islam.kz.

"Халал Даму" ЖШС құрамына әлемнің 43 алпауыт мемлекеті кіретін халал сертификаттаумен айналысатын 75 мекеменің тізіміне енді. Олардың құрамында АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Германия, Франция, Италия, Корея, Жапония сынды әлемнің дамыған алпауыт мемлекеттері және Египет, Пәкістан, БАӘ секілді мұсылман елдері де бар.

Малайзиядағы исламды дамыту департаменті (JAKIM) – ислам істеріне, соның ішінде, халал сертификаттау жұмысына жауапты халықаралық дәрежеде мойындалған мекеме.

Мекеменің басты мақсаты – халал өнімді тұтынушылардың құқығын қорғау, халыққа шариғат талаптарына сай өнім ұсыну, стандарттау және сертификаттаумен айналысатын мекемелерді аккредиттеуден өткізу, әлемде жалпы нарықтық тұтынудың 16.7 пайызын құрайтын  халал индустриясын дамыту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу